Күйзелістен қалай жылдам арылуға болады?
30-07-2020
Адам денсаулығың жақсы болмауы – оның өміріндегі ең қауіпті әрі қатерлі өлімге алып баратын себептердің бірі. Көпшілігіміз: «Денсаулық болса, бәрі де болады», - деп жиі айтып жатамыз. Алайда өздері сол денсаулығы сыр бермейінше көңіл де бөлмейді. Тұқым қуалайтын немесе басқа да жазылуы қиын аурулармен ауырған жағдайда жалғыз адамның өзі ештеңе істей алмайды. Ал, дені сау адамдардың сол қалпын сақтап қалуы өз қолдарында. Сонымен адам денсаулығының бірқалыпты немесе жақсы болуы неге байланысты?
Қалыпты ұйқы
Адам күн сайын уақытылы ұйықтап, түні бойы жақсы көз ілетін болса, ағзаның бәрі ойдағыдай демалып, келесі күнге ағзаны дайындайды. Сонымен қатар бұл демалыс орталық жүйке жүйесінің жұмысының қалыпты болуына ықпал етеді және бүкіл ағзаға әсері бар. Себебі ұйқы жүйке жүйесімен тікелей байланыста. Дені сау адам күніне 8 сағаттан артық немесе кем ұйықтамауы тиіс. Сондай-ақ күндіз 1-2 сағат демалып алғысы келетіндер болса, онда мұндай демалыстан бас тартудың қажеті жоқ. Себебі арасында демалып алғанның ағзаға пайдасы болмаса зияны тимейді.
Белсенді қозғалыс
«Қозғалыс – бұл өмір» деген сөздің жаны бар. Себебі бұл тұжырымдама шындыққа сәйкес айтылған. Адам жаратылысынан қозғалыста жүретін пенде болып жаратылған. Сол себепті де егер ол қимылсыз қалса, қандай да бір ағзасына кері әсер етуі мүмкін. Мәселен, компьютер алдында тапжылмай отырып жұмыс істейтіндер мен басқа да қимыл-қозғалысы аз бір орында отырып жұмыс істейтіндердің көпшілігі остеохондроз, сколиоз және көтеу сынды аурулармен ауырады. Сонымен қатар қимылы аз адамның денесін май басып, семіздікке шалдығуы да ғажап емес. Ал бәріңіз білетіндей, семіздікке жол береген адам түрлі аурулармен ауырып, қосымша жүрек-қан тамыр жүйесінің бұзылуына шалдығады. Қысқыша айтқанда, қозғалыссыз өмір – кез келген ауруға алып баруы мүмкін.
Психологиялық тыныштық
Бүгінгі таңда жүйкені тыныштандыратын дәрі-дәрмектің түрі өте көп. Алайда мұның пайдасы шаш етектен дей алмаймыз. Уақытша ем болатын бұл препараттарды сатып алуға аса әуес болмаған жөн. Егер де осындай дәрі-дәрмекті қабылдар болсаңыз, тек дәрігердің ұсынуымен және кеңесімен ғана пайдаланыңыз. Жалпы психологиялық тыныштық – ол ең әуелі жан-дүниенің тыныштығы. Сенің айналаңдағы, отбасыңдағы жанұя мүшелерінің ауызбіршілігі, бір-бірімен етене жақсы қарым-қатынасы. Егер де осының барлығы ойдағыдай болатын болса, адам психикасы да қалыпты жағдайды сақтай алады. Себебі денсаулық мықты болуы үшін адамның жүйке жүйсінің тыныштығы өте маңызды рөл атқарады. Сол себепті қандай да бір жүйкеге салмақ түсіретін жайттардан іргеңізді аулақ ұстап, сабырлық танытып, денсаулықты күткен абзал. Есіңізде болсын, егер де өміріңізде бір келеңсіздік орын алатын болса, оның түйінін шешуді кейінге қалдырып, ішке бүге берудің қажеті жоқ. Бұл сіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді.
Дұрыс тамақтану
Адам денсаулығы жақсы болуы үшін тағы бір ескеретін жайт — дұрыс тамақтану. Құрамы дәрумендер мен құнарлы заттарға бай тағамдарды тұтыну арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады. Бүгінде авитаминозға шалдығу қаупі көп. Алайда көпшілігі оны ауру деп санағысы келмейді екен. Бұл қате пікір. Себебі бұл басқа да аурулардың туындауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан дұрыс тамақтануға аса көңіл бөліп қараған жөн.
Ж.БЕРЕКЕ