Жазады бірақ оқи алмайды
Адамның миы өте күрделі әрі ғажайып жаратылыс. 2001 жылы канадалық жазушы Говард Энгель таңертең шәй үстінде әдеттегідей газет оқиын деп, парақтай жөнеледі. Алайда ол газеттегі әріптерді тани алмады. Ана тіліндегі жазулар оған түсініксіз иероглифтер секілді көрінді. Мұның себебін жазушы жақында ғана алған исульттің кесірі деп болжайды.
Сөйтсе Говард инсульттен кейін де шығармашылығын, тоқтатпай жазумен айналысып жүрген екен. Науқастың миы жазуды қалай жазу керектігін білген. Бірақ, араға айлар салып ол өзінің жазуын оқи алмайтын дәрежеге жетеді. Мұндайды медицинада алексия деп атайды екен. Энгель өзінің туындысын өзі оқи алмайтын әлемдегі жалғыз жазушы шығар.