Қаннан жасалатын тамақ және дәрілер бар
Мәселен, қазақта «Қимай» деген тамақ бар. Қыста соғымға сойған малдың жүрек қанын және таза қанды (артериядан алынған) алып оған у сарымсақ, май, бұрыш қосып малдың ішегіне құйып қатырып қояды. Оған бауыздағанда аққан қан мен тамырдан аққан қан құйылмайды.
Ал, бұғының мүйізінің ішіндегі қан – ыстық райлы қасиетке ие, өте жоғары қуаттық дәрі. Мұндай мысалдар өте көп.