Дәрі ме, дәрі емес пе?

Oinet.kz 26-05-2020 806

Аяқ, қолымыз жарылып немесе жарақаттанып қалса ертеректе әке-шешеміз шылқылдатып вазелин жағушы еді. Крем әрі дәрілік мазь ретінде қолданылған вазелин бұрын барлық үйден табылатын. Әмбебап құралды британ-америкалық химик Август Чезбро 1872 жылы ойлап тапқан.


2EHdi36J.jpg Алайда вазелин алғашқыда халыққа дәрі ретінде танылған жоқ. Әрі ол сұйық болған. Чезбро оны матадағы дақтарды кетіруші, жиһазды тазартушы ретінде жарнамалаған. Зерттеулерін толықтыра келе кейіннен химик вазелиннің денсаулыққа пайдасы мол деген тұжырымға келеді де, дәрі ретінде насихаттай бастайды. Оқымысты халыққа вазелинді күніне 10 мг ішіп тұру керек деген кеңес берген. Мазь түріндегі вазелин 1873 жылы медицинадаға кеңінен қолданыла бастады. Ия кейбір заттардың дәрілік қасиеті кейіннен мәлім болып жатса, енді бірі керісінше уақыт өте келе дәрілік қасиетінен айырылып жатады. Бүгінде тағамға дәм беретін кетчуб соның дәлелі. Қызыл соус 1820-30 жылдары АҚШ-тың дәріханаларында шаш түсуден қорғайтын және аяқтағы экземаға ем ретінде сатылған. Қызанақ томатында кездесетін ликопин денсаулыққа расымен де пайдалы. Ликопин балғын қызанаққа қарағанда томатында көп мөлшерде кездеседі.      

Хош иісті бетперделер
Антибиотиктерді сүтпен қабылдамаңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу