Көкет жарығы (грыжа)
Туа пайда болған жарықтар (грыжа) арасында жиі кездесетіні – көкет жарығы. Ол көбінесе көкеттің (диафрагма) дұрыс жетілмеуінен, әлсіздігінен пайда болады. Бұл жағдайда ішкі ағза асқазан, ішек жолдары, бауырдың бір бөлігі, бүйрек көкірек қуысына ығысады да, сол жерде дамып жарық пайда болады.
Аталған жайт өкпе тінінің дамымауына, жүректен шыққан кейбір қан тамырларының ығысуына алып келеді. Мәліметтерге сүйенсек, кей мемлекеттерде сәбиді осындай ақаумен дүниеге әкелуге шектеу қойылады екен.