Соя ажал құштыра жаздады

Oinet.kz 26-05-2020 813

Вирджиния штатының 19 жастағы студенті досымен бәске түсіп бір литр соя тұздығын ішіп қояды. Алғашқыда ештеңені сезбеген жігіттің жағдайы ертесіне нашарлай бастайды. 

soybeans_image_one-750x568.jpg

Басы айналып, аузынан көбік ағады. Студент сол күні комаға түсіп, аурухана төсегінде ес-түссіз 4 күн жатады. Науқастың қанын тексергенде дәрігерлер натриидің шамадан тыс көп екенін анықтайды. Ақ халаттылар тәжірибесінде мұндай жағдайдың әлі кездеспегенін айтқан. 

Мамандар адамдарға күніне 1500 миллиграммнан артық натрий қабылдауға болмайтынын айтады. Ал студент ішкен соя тұздығында 56000 миллиграмм натрии болған екен. Дәрігерлер уланған науқастың тірі қалғанын ғажайыпқа балады.

Ауруын меңзеген дыбыстар
Егіз дегені ісік болып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу