Есептен жиі шатассаңыз...
Егер есеп-қисаптан жиі шатасып, сандарды ұмытып қала берсеңіз, бұл деменция синдромының бастамасы болуы мүмкін. Ғалымдар осылай дейді.
Деменция өте баяу дамитындықтан науқас оны мүлдем сезбеуі мүмкін. Сондықтан қаржыңызды басқара алмай жүрсеңіз дереу дәрігерге көрінген абзал. Алайда деменцияны альцгеймермен шатастырып алмаңыз. Альгцеймер – қарт адамдарда кездесетін ауру. Ал деменция жас талғамайды.
Айта кетейік, деменция – жоғары психикалық фуикциялардың жете дамымауының не семуінің салдары болып табылатын кемақылдық.