Екі баланы қатар сүндеттеудің құпиясы

Oinet.kz 25-05-2020 924

Әр дәстүрдің түбінде бір құпия тылсым бары анық. Дәстүр текке қабылданып, қолданыс қалыпына енбесе керек. Мәселен, бір үйдің екі баласын қатар сүндеттеу кезінде ішін шөпке толтырған бала көлеміндей қапшық қуыршақты қатарына жатқызғанын біреу естісе, біреу естімеген болар.

sundet51.jpg

3-5 жасар екі бірдей немересі бар туысымның тек 5 жасарын ғана сүндеттегенде «Екеуін бірдей сүндеттей салмадыңдар ма? Екеуі бірге ойнап, қиналғаны білінбей кетер еді?» дегенде естігенім, «Екеуін бірдей сүндеттеуге болмайды. Біреуі ауырсынып, ұзақтау жатып қалады...» болды.

Отырғандар арасынан ер-азаматтар «Бала күнімізде ауыл үйдің балаларын молда алдырып, бір үйге жинап, топырлата сүндеттейтін. Бәріміз жүгіріп кеткенімізде, арамыздан біреуі міндетті түрде ауырсынып, ұзақ жатып қалатын. Демек, астарында шындық бар екен де?..» деп сөздің текке айтылмағанын қолдай кетті.

Әсіресе, дастарқан басындағы қария айтқан сөз бәрімізді таңқалдырды. Көне түркі заманында, бір үйден екі бала қатар сүндеттемеген екен. Сүндеттеген жағдайда үшінші етіп қапшық толы шөптен қуыршақ жасап, қатарына жатқызғанын айтты. Ешқашан естімеген, еш жерден оқымаған дерекке отырғандар түгел таңданыстық.

Қуыршақ жатқызуының себебін сұрадық. Себебі өте қарапайым: «Ібілістің әскері екі бірдей қуанышты ата-анасынан қызғанып, біреуін алып кетпекке жетіп келеді екен. Сол кезде шетте жатқан үшінші баланы алып кетеді-міс. Үшінші боп жатқан шөп піспеленген қуыршақ қапшық болғандықтан, ауыртпалық қапшыққа түсіп, екі бала ауыртпалықтан құтылады» деген ырымға сенген.

Бұндай ырымды отырғандардан ешкім естімеген екен. Қария бұрын-соңды ешкім естімеген ырымды бала күнінде ауыл ересектері үкіметтен қорқып жасырын жасағандарын айтты. Кеңес үкіметі кезеңінде «жаза қолданады» деп қаймықса керек.

Қызығы, ырымға құлақ аспағандардың екі баласының бірі ұзақ жатып қалып отырған. Дәлелге көздері жеткен халық Тәңірлік нанымды қолдануға мәжбүр болған. Таңқаларлығы, бізге жетпеген ырым өз кезеңінде қолданысын ақтап отырған.

Десе де, қос ұлды қатар сүндеттемеудің құпиясының сақталмауының басты себебі – сүндеттеуді ескіліктің қалдығы деп, кеңестік саясаттың тиым салуында жатса керек. Тиым түбінде ислам дініне деген қарсылықтың жатқаны да жасырын емес. Не көрмеген қазақ десеңізші?!.

Сонау отызыншы репрессия жылдары молдалардың жаппай қуғынға ұшыраған қасіреті тарих бетінде ақтаңдақ боп тұрғаны шындық. Өйткені молдалар – дін мен дәстүрді қатар ұстаған, ұлт мәйегі ретінде жаңа саясатқа қатер төнгізген.

Көнеде бабалармыз ислам мен Тәңірге сиынушылықты қатар алып жүргені белгілі. Әлі күнге жаңа түскен жас келінге отқа май құйдыру, бесікті адыраспан түтінімен аластау, нәрестенің бас жағына қасқырдың кепкен тұяғын іліп қою секілді дәстүрлеріміз жалғасып келеді.

Қуыршақ қапшықты қолдануда сақталмаған көне дәстүр болмысында Тәңірге сиынушылықтың нақтылы белгісі тұр. Залалы болмаса бабалар сеніміне ие болған ырымды қолданғанның артықтығы жоқ деп ойлаймын. Осындайда қос діннің жағымды жағын қатар алған бабалар даналығына тәнті бола түсесің.

Бүгінде дүнежүзінде ер адамдардың алтыдан бірі сүндетке отырады екен. Діні бөлек Американың өзінде профилактикалық әрі гигиеналық мақсатпен балалардың тоқсан пайызы сүндеттелетінін статистика айғақтап отыр.

1,5 миллиардтан астам мұсылман мен Африкадағыларды былай қойғанда – Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Англия секілді экономикасы жоғары деңгейде дамыған алпауыт мемлекеттерде баланы сүндетке отырғызу бүгінде қалыпты үрдіске айналғаны текке болмаса керек.

Еуропа мен Америка құрлықтарында сүндеттеуге қарсы болғандар тобы әлбетте басым түсіп жатты. Адам ағзасына жағымды жайттың діни көзқарасы бөлек жандарға жеңілге соқпасы белгілі. Бұл жерде басты тартыс; бала гигиенасына тиімділігінен гөрі, діни тартыстың басымдылығы жатқаны айдан анық.

Что такое эпилепсия? Как помочь человеку справиться с внезапным приступом?
Шұлық пайдалы ма зиян ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу