Дүйсенбі неге ауыр күн?
Жұмысбастылардың көбісі дүйсенбіде жұмысқа көңіл хошы болмай жабырқаулы келеді. Неге? Ғалымдар мұның себебін ұйқы режимінің бұзылуымен түсіндіреді.
Демалыс күндері басталарда ұйқыға кеш жатып, таңертең асықпай тұрғандықтан күнделікті ұйқы режимі бұзылады. Сол себепті, дүйсенбі күні таңертең еш қиындықсыз ояну үшін демалыс күндері ұзақ уақыт ұйықтамау керек. Күнделікті ұйқыдан 2-3 сағат артық ұйықтасаңыз да жеткілікті. Ал егер жексенбі күні бәрібір кеш ұйықтасаңыз, онда дүйсенбі күні ояна салысымен бірден терезені ашып тастаңыз. Бөлмеге түскен күн сәулесі мелатонин ұйқы гармонының белсенділігін төмендетіп, сергек болуға әсер етеді