Құнарлы және қауіпсіз тамақтану

Oinet.kz 25-05-2020 1052

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Оқу жылында әр бір тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Сондықтан балалардың ағзасын сауықтыруға, эмоциалық, жеке тұлғалық, танымдық тұрғыда дамытумен қатар бала денсаулығымен өміріне қауіпсіз жағдай жасау үшін ересектердің күшін жұмылдырып біріктіру өте маңызды.

Теңгерімделген тамақтану: маңызы мен функциялары

Балаларды сауықтыруға арналған жазғы демалыс мекемелерінің жұмысын бастамас бұрын олардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қалыпқа келтіру шаралары жүргізілуі тиіс. Ол үшін материалдық-техникалық базаны дайындау, сумен қамту, кәріз жүйелерін жақсарту, технологиялық және мұздатқыш қондырғыларының дұрыстығы, жұқпалы ішек аурулары мен тамақтан уланудың алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет. Аталған іс-шараларының орындалуы ҚР Денсалықты сақтау министрінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі №146 бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары негізінде жүргізіледі. Санитарлық қызмет тарапынан жазғы сауықтыру маусымына дайындық кезеңі, яғни балалардың толық құнды, құнарлы және қауіпсіз тамақтануы, дене тәрбиесі мен олардың шынығуына жағдай жасалынуымен қатар лагерь қызметкерлерінің гигиеналық дайындықтары мен алдын ала медициналық тексеруден өтуі де бақылауға алынып, қатаң қадағаланады. Әр бір сауықтыру мекемесі дайындығының нәтижесіне қарай берілетін санитариялық-эпидемиологиялық сәйкестігі жөніндегі қорытындысы болмаған жағдайда, объектіге балаларды кіргізуге тыйім салынады.

Сауықтыру барысында балалардың денсаулығын нығайтумен қатар ішек инфекцияларының, ботулизмнің және жаппай тамақтан уланудың алдын алу мақсатында келесі санитариялық талаптар қойылады:

- ас блогында технологиялық процестердің бірізділігі көзделеді, шикі және дайын өнімнің, шикі жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің, пайдаланылған және таза ыдыстардың қарама-қарсы ағынына жол берілмейді;

- лагерь басшысы бекіткен перспективтік маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады. Мәзір жасау кезінде өңірде шығарылатын отандық өнімдер ассортименті ескеріледі;

- балаларды тамақтандыру рационында витаминді-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді;

- тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективтік ас мәзіріне сәйкес келуі қадағаланады;

- тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазытқыш жабдықтарында және (немесе) тоңазытқыш камераларында және (немесе) тоңазытқыштарда жүзеге асырылады;

- күн сайын тамақтанатын балалардың саны, жасына байланысты граммен берілген дайын тағам порциясының массасы, сондай-ақ әрбір тағам бойынша өнімдер шығысы («брутто» салмағында) көрсетіле отырып, әрбір тамақтануға тағамдар тізбесі көрсетілетін тарату-ас мәзірі жасалады және ілінеді;

- тамақтану арасындағы интервал 3,5-4 сағаттан асырмай, қосымша екінші таңғы ас немесе кешкі ас бар кемінде бес реттік тамақтандыру көзделеді. Тамақ арасындағы аралықта ас мәзіріне қымызды немесе қышқыл сүт өнімін енгізу ұсынылады;

- тамақ дайындау тағамға кіретін өнімдердің тізбесі, олардың граммен массасы («брутто»), дайын тағамның «нетто» салмағы (тағамның шығысы), химиялық құрамы (граммен), құнарлылығы, тағамды дайындау технологиясы туралы мәліметтер көрсетілген технологиялық карталарға сәйкес тағамдар картотекасын пайдалана отырып жүргізіледі;

- күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер және қант қосылады. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құстың еті екі- жеті күнде бір рет қосылады. Ас мәзірінде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде немесе келесі күнтізбелік екі – үші күнде қайталауға жол берілмейді;

- гиповитаминоздың алдын алу және балаларды тиімді сауықтыру мақсатында салқындатылған сусындарды (компот, кисель) "С" витаминімен жасанды витаминдеу жүргізіледі;

- сауықтыру объектілері асханаларында балалар денсаулығына кері әсері болған тағам өнімдерін дайындауға тыйым салынады.

Жазғы лагерь асханасында:

- қатық, сүзбе мен қышқыл сүт өнімдерін

- туралған ет қосылған құймақтарды;

- флотша макаронды;

- зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;

- кремі бар кондитерлік өнімдерді;

- морстар, квастарды;

- фритюрде қуырылған өнімдерді;

- шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;

- күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды;

- қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;

- окрошканы, тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі тағамдарды;

- саңырауқұлақтарды;

- өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;

- тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;

- газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);

- фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;

- ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға рұқсат етілмейді.

Лагерл асханасында:

- пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;

- суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;

- ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;

- тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;

- механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;

- құс етінен алынған құрамында коллагені бар шикізатты;

- сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;

- генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды;

- тұншалануы бұзылған консервілерді, қақпағы көтерілген консервілерді, тот басқан, пішіні өзгерген, заттаңбасы жоқ банкаларды;

- йодталмаған тұзды және құрамында темірі бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнды пайдалануға рұқсат етілмейді.

Остеохондроз туралы жалған дерек
Дүйсенбі неге ауыр күн?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу