Құнарлы тағам ауруды жеңеді

Oinet.kz 21-05-2020 971

Тағам - туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің маңызды жасаушысы болып табылады. Қазіргі уақытта білімнің заманауи деңгейін есепке ала отырып, тағамның саны ғана емес, сонымен қатар оның сапалық құрамы да туберкулез жағдайындағы маңызды емдеу факторының рөлін атқарады.

image.png

1. Ақуыз, май және көмірсулардың бір келкі ыдырау есібінен қызба және интоксикация белгілерімен өкпе туберкулезінің өршуі кезінде энергетикалық құндылығы төмен диета тағайындалады (2300-2400ккал).

 2. Науқастардың жылдам азуы жағдайында (ақуызды-энергетикалық жетіспеушіліктің 2-3 деңгейі) тәбетінің тежелуі байқалғанда әдеттегідей тағамды жасанды азықтандырады, яғни энтеральды және тамырішілік жолдармен толыққанды немесе уақытша алмастырады. Әдеттегі тағамға ауысу кезінде (яғни ауыз арқылы) рационға арнайы диеталық нәрлі қоспаларды қосқан жақсы.

3. Плевра қуысына сұйықтық жиналған плевритте тамақ тұзсыз дайындалады, науқасқа қажетіне қарай 3-4 гр тұз қолдануға болады.

4. Ішек, сонымен қатар ішперде туберкулезінің ремиссия сатысында диета туберкулезбен ауыратын науқастардың жалпы тамақтану талаптарына сәйкес келеді. Ащы, қуырылған, қиын қорытылатын тағамдарды жеуге болмайды.

5. Кеңірдектің туберкулезінде (үгітілген) пюре және қоймалжың тамақ беріледі: үгітілген сорпа, сүт қосылған сұйық ботқа, еттен, көкөністен, жемістен жасалған пюре, жұмсақ күйінде жұмыртқа, құймақ, суфле, қаймақ, кілегей, мусс, балаларға арналған және диеталық консервілер мен концентраттар беріледі.

6. Сүйек-буын туберкулезінде тамақ жоғарыда аталған өкпе туберкулезімен ауыратын науқастардың жалпы тамақтану талаптарына сәйкес келеді. Тамақтану құрамында міндетті түрде тез сіңетін ақуыз, кальций және фосфорға бай сүтті тағамдар, сонымен қатар витаминдер, оның ішінде D витамині көп болуы керек.

7. Бүйрек туберкулезі өкпеден тыс туберкулездің ең көп тараған түрі болып табылады. Бұл кезде бүйректің қызметі ескеріледі. Бүйрек шамасыздығы дамыған кезде диетотерапия бүйрек ауруларының тамақтану тәртібіне сәйкес келуі керек.

8. Туберкулездің әр түрлі формалары мен орналасуындағы тамақтану бойынша берілген ұсыныстар ғылыми негізделген, бірақ жалпылама сипатталып берілген, өйткені туберкулездің клиникалық ағымының варианттарының көптігі және туберкулездің басқа аурулармен қосарлануы ескерілмеген.

Сүт іше алмайтындар
Туберкулезбен ауырмау үшін не істеу керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу