Қандай тағам тұтынып жүрсіз?
Күнделікті өмірде өзіміз тұтынып жүрген азық-түлік, басқа да тауарлардың түріне, жалпы сипатына көпшілігіміздің мән бермейтініміз анық. Бұл дұрыс емес.
Тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын негізгі талаптарды біле жүріңіз. Олар: тамақ өнімдерінің атауы; тамақ өнімдеріне қатысты құрамы, тамақ өнімдерінің мөлшері, тамақ өнімдерінің жасалған күні, тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі туралы мәліметтер; дайындаушының сауда белгісі; тамақ өнімін дайындаушының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ осы Кеден одағы техникалық регламентінде белгіленген жағдайларда дайындаушының уәкілетті тұлғасының атауы мен орналасқан жері, импорттаушы-ұйымның атауы мен орналасқан жері; тауардың негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, тағамның биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер және белгілі бір аурулар кезіндегі қарсы көрсетімдер туралы мәліметтер; тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері; тауар массасының шамасы, көлемі, саны; тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды қолданып алынған құрауыштардың бар-жоқтығы туралы деректер (өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар болған жағдайда ГТА деп көрсетіледі); Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнімдердің айналуының (ЕАС) бірыңғай белгісі болуы тиіс.
Құрамында 150 мг/л-ден асатын мөлшерде кофеині бар алкогольсіз сусындар және (немесе) адам ағзасына сергіту әсерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде емдік шөптер мен оның сығындысы «18 жасқа дейінгі балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің, сондай-ақ жүйке жүйесінің қозуымен, ұйқысыздық, артериалдық гипертензиямен ауыратын адамдардың тұтынуына ұсынылмайды» деген жазбамен таңбалануға тиіс.
Осы ақпараттың бәрімен таныса отырып, сіз бірінші көзге түскен тауарды емес, сапалы әрі қауіпсіз тауар алып жатқандығыңызға сенімді боласыз.Сауатты тұтынушы сапалы және денсаулыққа зияны жоқ тағамдарды таңдайды.