Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде енгізілген төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды. Мемлекет тарапынан жұқпалы індеттің алдын алу мақсатындағы әрекеттердің барлығы істеліп жатыр. Ал, мен дәрігер ретінде баршаңызды төтенше жағдай тәртібіне бағынып, еліміздің амандығы үшін сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырамын.
2019 жылғы желтоқсан айында пайда болып, бүгінде дүние жүзін дүрліктіріп тұрған коронавирустың ресми атауы – Covid-2019. Бұл коронавирустың осы уақытқа дейін анықталмаған жаңа түрі. Коронавирустар көбіне жануарларды зақымдайтын вирустар тұқымдасы болып табылады, бірақ кей жағдайда адамға да жұғуы мүмкін. Covid-2019 – коронавирустың адам ағзасына әсер ете алатын жетінші түрі.
Инфекцияның алдын алу үшін қолды әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы сабындап жуу керек. Микробтарды өлтіруге антисептик те көмектеседі. Оған медициналық спирт те қолдануға жарайды. Егер спиртке аллергия бар болса, санитайзерді пайдаланыңыз. Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз. Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың «кіріс қақпасы» саналады. Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз. Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, той-томалақ, жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз. Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн. Іссапардан бас тартып, әлем бойынша саяхатты шектеңіз. Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз. Бөлмені жиі желдетіңіз. Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн. Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз. Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз. Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз. Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз. Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.
Коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болғандықтан, оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Дегенмен, дене қызуының көтеріліп жоғары температура болса, бас ауырып құрғақ қатты жөтел басталса, кеуде тұсы ауырса, тыныс алу қиындаса, пневмания, фарингит, диария мазаласа 103 нөміріне хабарласып, бірден медициналық мекемеге хабар беріңіз.
Дәулет МҰСАЕВ,
Төлеби аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері