Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Адамның таза, көрікті, сәнді болып жүргені жақсы. Алайда кейде сән деп шеттен шығып кететініміз бар. Сырға – құлаққа тағуға арналған әшекейлік бұйым. Десе де қазір сырғаны кез-келген жерге «қондыра» беретін болдық. Ол заманауи тілмен айтсақ пирсинг деп аталады.
Пирсинг (ағыл. «piercing» – тесу) – дене бітімге өзгеріс енгізу, теріні тесіп, әшекей тағу. Адамдар түрлі себептерге байланысты сырт пішіндерін осылай өзгертіп жатады. Біреуі эстетика үшін, біреуі діни сенімнен, ал біреуі ерекшелену үшін және т.б. Пирсинг – жастардың көпшілігі ойлағандай, косметикалық процедура емес, бұл теріні тесу арқылы оған түрлі әшекейлер тағу үшін жасалатын кәдімгі ота. Пирсингті бұрын құлаққа тағу кеңінен жайылған болса, соңғы жылдары қасына, мұрнына, ерніне, саусағына тіпті, одан да сорақысы кіндігіне салбыратып сырға тағып алған қыздарды жиі көретін болдық.
Пирсинг қалай тағылады?
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлемде әйелдердің 90 пайызында, ерлердің 15 пайызында денелерінде темір-терсек кездеседі екен. Әшекейге арналған пирсингтің түр-түрі бар. Ағаш, пластмасса және металлдан жасалғандары кездеседі. Мамандар пирсингті алғаш тағып тұрған жандарға медициналық метал немесе титаннан жасалған сырғаны тағуға кеңес береді. Пирсингке құмар танымал адамдардың коллекциясында бағалы тастар мен алтын, платина, брилианттан жасалғандары да кездеседі.
Психологтардың айтуынша пирсинг тағу – өз өміріне, денесіне жауапсыз қарайтын адамдардың тірлігі. Жастардың әуесқойлығынан туындыған процедураға жеңіл-желпі қарауға болмайды. Ең алдымен өз ісінің нағыз шеберін таңдау керек. Барлық құрал-саймандардың залалсыздандырылғанына көз жеткізіңіз. Әсіресе иненің. Одан кейін маман сырға тағылатын аймақты арнайы сұйық дәрімен сүрту керек. Кейіннен құрылғымен пирсинг тағылады. Процедура аяқталғанан кейін пирсерден оның күтімін сұрап алыңыз. Әшекейді өз бетінше жұлып алуға мүлдем болмайды. Пирсингтің орналасу жеріне қарай ота әртүрлі деңгейде өтеді. Мәселен, құлаққа тағылатын пирсинг – ол классикалық тесу әдісі болып табылады. Оны көбінесе ине жалғанған пистолет арқылы теседі. Құлақтың төменгі жұмсақ бөлігін тестірген болсаңыз, оның орны шамамен 2 аптада жазылады. Ал шеміршекті тескен жағдайда оның ауырсынуы бірнеше айға созылуы мүмкін.
Кіндікке тағылатын пирсинг әйелдер арасында үлкен сұранысқа ие. Өйткені ол қызығушылардың айтуларынша, аруларды нәзік ете түседі. Мұндағы әшекейлер көбінесе ұзын, салпыншақ болып келеді. Кіндікке тағылатын сырғаны да теріні тесіп істегендіктен оңалуы қиындау болады. Үш-төрт ай аралықта ауыр көтермей, фитнеспен айналыспаған жөн.
Мұрынға салынатын сырғаға көбінесе жас жеткіншектер құмар келеді. Тыныс алу мүшесіндегі әшекейлердің сақина тәрізді және шеге секілді нүкте формасы кең тараған. Пирсингті қастың айналасына екінің бірі таға бермейді. Себебі ол өте қауіпті әрі ауырсынуы көп процедура. Темір бұйым әртүрлі орналасуы мүмкін: тігінен, көлденең, көзге жақын және кеңсірікте (мұрынның екі көз аралығындағы қыры). Осыған орай әшекейдің түрі таңдалады: штанга, сақина, банан формалары т.б.
Тілдің ұшын да тесу біршама ауыртады...
Сонымен денеңізге «ен» тағылған соң жараның орынын күніне екі рет пирсер кеңес берген дәрі немесе сутек пероксиді немесе жақпа майларды жағып тұру керек. Теріңіз толығымен жазылғанша жоғары немесе төмен температуралы орындарға бармаған жөн. Мәселен, монша, сауна, солярий, криотерапия... Елімізде түрлі сұлулық салондар мен тату студияларда пирсингті тақтыруға болады. Бағасы 1000 теңгеден басталып жоғарылап кете береді. Процедураның бағасы пирсингтің тағылатын аймағына байланысты қойылады. Мәселен, ең оңай «ота» құлақтікі, қиыны – ауыз қуысы мен қас. Мамандар саусақтағы пирсингтің де пациентке оңай тимейтінін айтады.