Әшекейден келер залал

Oinet.kz 11-02-2020 877

Screenshot_22.jpg

Жоғарыда атап өткеніміздей пирсинг тағу жеңіл отаға жатады. Ал сән үшін жасалған операциялардың барлығы пайдалы, қауіпсіз бола бермейді. Сол секілді бұл бұйымды таққанда сақтанған жөн. Әсіресе жұқпалы инфекциялардан. Бір реттік емес, залалсыздандырылмаған құрал-саймандардан ЖИТС, гепатит секілді кеселдер жұғуы мүмкін. 

Пирсингтің тағы бір келеңсіз тұсы – аллергияны тудыруы. Никель мен кобальттан жасалған әшекейлер денсаулыққа айтарлықтай зиянын тигізеді. Егер пациент бұған дейін жүрек ауруларына шалдықса онда сәтсіз процедура эндокардитті өршітуі мүмкін.

Құлақтағы пирсинг бір қарағанда зиянсыз көрінеді. Бірақ олай емес. Құлақтың сырғалығында (мочка) көздің көру қабілетіне жауап беретін нүкте орналасқан. Егер осы нүкте тесіліп немесе қандай да бір зақым келетін болса, көздің көру қабілеті нашарлайды, мұның соңы алыстан көрмеушілікке алып келеді. 

Қастың аймағында нерв жүйелері, қан тамырлары мен көзжастық тарамдары (слезные протоки) көп шоғырланған. Иненің ұшы тіпті 1 мм-ге қате салынатын болса онда жараның орны үнемі іріңдейтін болады. Асқынса сол аймақтағы беттің бұлшықеттері жансызданып қалады. Нерв жүйелері жарылатын болса бұл беттің қисайып қалуына әкеп соғады. 

Кіндіктегі сырға әсіресе болашақ аналар үшін қауіпті. Ол біріншіден құрсақтағы баланың дамуына кері әсер етсе, екіншіден босану кезінде проблема туғызуы әбден мүмкін. 

Ерін мен ауызқуысындағы әшекейден де қорқуға болады. Себебі ылғал ортада бактерия мен инфекциялар көп жиналады. Әрі пирсинг тілдің ұшында қан тамырларға кесірін тигізуі мүмкін. Тіл мен еріндегі пирсингтің иелері көбінесе тіс ауруларына шалдығады екен. Металл үнемі  тіске жанасқаннан кейін ол сынып, кейде үгітіледі, ал қызылиек қанап түрлі ауруларға жол ашады. Дәрігерлер тілдегі пирсинг адамды дәм сезу қабілетінен айырады дейді. Оның үстіне бұйым адамға ыңғайсыздық сезімін туыдырып, дұрыс сөйлеуге және тамақтануға кедергі келтіреді. «Адамға ұқсап» тамақ ішкенге не жетсін?! 

Жалпы алғанда кез-келген пирсинг адамға кедергі келтіреді. Құлақтағы сырға шашыңызға, кіндіктегісі киіміңізге, тілдегі ас-ауқатқа ілініп мазаңызды алады. 

Сәнді болу үшін де сау керек. Пирсингті де тағу үшін кейбір сырқаттармен ауырмауыңыз қажет. Атап айтқанда. Олар – созылмалы гайморит, түрлі тері аурулары, қант диабеті, қатерлі ісік, инфекциялық аурулар, жүрек ауруы, қан айналым жұмысының бұзуылуы, инсульт алғандар. Сондай-ақ 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге процедураны жасауға болмайды. Егер кәмелет жасқа толмаған балаларға ата-анасының рұқсатынсыз денесіне «сырға» тағылған болса, онда соні істеген маманды жауапқа тартуға болады. 

«Сырғалы адамдар»
Пирсинг қалай тағылады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу