Кім екенін құлағына қарап таны
Шығыс медицинасының тұжырымы бойынша адамның құлағына қарап та оның мінез ерекшілігін, ерік күші мен белсенділігін, қажырлылығын, денінің саулығын білуге болады.
Құлақтың ұшы қастан жоғары орналасқан адам өте жоғары интеллект иесі екен.
Құлағы қасымен бір деңгейде орналасқан адам өз бетінше кесіп-піше алатын, лидер болуға ұмтылатын, өршіл көзқарасты оптимист және көздеген мақсатына жетуге күш салуымен ерекшеленетін жан иесі.
Құлағы, көзі бір деңгейде орналасса ол орташа интеллект иесі. Құлағы көзінен төмен орналасқан болса, ол адамды дарынсыз жанға балай беруге болады.
Құлақтары бір деңгейде емес, біреуінен екіншісі биік орналасқан адам логикаға бағынғаннан гөрі нәпсісіне жүгінуді жөн көретін, бәстесуде дес бермейтіндер тобынан. Құлағы кішкентайлар атүсті, үстірт жеңіл ойлап, ұшқарылыққа жол беріп, шамадан тыс құлай сенгіштер.
Құлақ көлемі орташалар кертартпалығы мен ескішілдігі еленбей қоймайтын, отбасы мен қызметті шебер үйлестіре білетіндер.
Құлақ көлемі үлкен, 7 сантиметрден жоғары болып келгендер – денсаулығы мықты, өзіне сенімді, епті, еті тірі пысықтар. Үлкен қалқанқұлақтылар – аса қабілетті, ерекше біткен табиғи дарынды талант иелері.
Оң құлағынан сол құлағы үлкен адамдар ғылым жолында үлкен табысқа жететіндер.
Оң құлағы сол құлағынан үлкендер тумысынан ізгі ниетті, адамдарға сүйіспеншілікпен қарайтын гуманистер.
Созылыңқы құлақты адам – сыпайы, әдепті, бипаз, жалпы биязылыққа жақын, сезімтал, әсерленгіш жан.
Құлағы кеңінен келгендер – шыншыл-реалист, оңды, дұрыс, қара қылды қақ жарардай тура, әділдік иелері. Ұштанған сүйір құлақтылар – пысықай, жылпос, қу, сумақай, айласын асырар жылмақайлар.
Құлағы жуан және ірі болып келетіндер ұзақ өмір сүруге мүмкіндіктері мол, денсаулықтары мықты, бірақ, өнер атаулыға қызықпайтындар екен. Құлақтың қызарып, көгеріп, қара қошқыл тартып тұруы бауыр мен жүректе, асқазан мен ішекте кінәраттың барлығын білдіретін көрінеді.
Құлағы тез қызарып, ысып шыға келетіндер жүйке тозуына бейім, ойланбастан жылдам реакцияға берілгіш, үстемші, басқыншылық-агрессияға жақын адамдар екен. Жүйке жүйесі әлсірегендердің құлағы бозаңданып, салқын тартып тұрады.
Құлақ түбінің алдыңғы жағында әжім көп болса, адам организмінің әлсіреуінің белгісі. Құлақ айналасын қаптаған қоңыр, қызылқошқыл дақтар, денеде минералды заттардың жетіспеушілігінен, тоқ ішек пен аш ішектегі кінәраттардан хабар береді.