4 күнге созылған ота
Әлемдік медицина тарихындағы ең ұзақ операция 96 сағатқа созылған. 1951 жылдың 4-ақпанынан 8-ақпанына дейін жалғасқан ота Чикаго ауруханасында орын алған.
Көрнекі фото
Дәрігерлер 58 жастағы Гертруда Левандовскийдің өсіп кеткен сарысулы ісігін хирургиялық жолмен алған. Отаға дейін пациент 277 келі салмақта болса, операция үстелінен ол 138 келі салмақпен шықты. Мамандар отаның ұзаққа созылу себебін науқастың қан қысымы төмендеп кетпеуі үшін ісікті өте ұқыптылықпен, баяу алу керектігімен түсіндірген.