Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Ұлыбритания ғалымдары әйел адамның бірінші рет босанған соң дауысы өзгеретінін анықтады. Сессекский университетінің маманы Катаржина Пизански (Katarzyna Pisanski) мен әріптестерінің айтуынша, бұл гормондар мен әйел адамның ана рөліне енуімен тікелей байланысты. Зерттеу жұмысы Evolution&Human Behavior журналында жарияланды.
Зерттеу жұмысына 20 жас ана және олардың ана атанып үлгермеген 20 құрдасы таңдалды. Мамандар жеке архивтерден олардың дауыстары басылған жазбаларды алып зерттеді. Бала босанғанға дейін және кейін дауыстарының қандай болғанын бақылады. Зерттеу барысында жалпы ұзақтығы 277 минут болатын 634 жазба тыңдалды.
Нәтижесінде әйел адам босанған соң дауысының тоны орташа есеппен 5% төмендейтіні белгілі болды. Бұл 1,3 музыкалық жартылай тонға тең. Жаңа босанған әйелдердің дауыс ырғағы бір жылдан кейін қалыпқа келеді.
– Бұл негізінен гормондық өзгерістермен байланысты болуы мүмкін. Осы уақытқа дейін ғалымдар әйел адамның даусы әр ай сайын овуляция кезінде көтеріліп, менопауза уақытында төмендейтіні белгілі еді. Сондай-ақ, біз жүктілік кезінде жыныстық гормондардың деңгейі күрт төмендейтінін де жақсы білеміз. Ал бұл өз кезегінде вокализацияға әсер етеді. Әйел адам ана атанған соң өзін баласына басқа қырынан көрсеткісі келеді. Яғни әдейі дауысын өзгертіп сөйлеуі мүмкін, – дейді Катаржина Пизански.