Тіс ағартудың ең тиімді тәсілі

Oinet.kz 15-01-2020 1218

Ақ маржандай аппақ тіс кез келген адамға жарасады. Әрине тістерді маманға көрсетіп, аурулары болса емдетіп, арасында тазалатып тұру керек. Сондай-ақ тістеріңізді үйде де ағартуға болады.

Screenshot_20.jpg

Тістің әдемі, түзу және аппақ болғаны кімге ұнамасын?! Бірақ, тіс сұлулығы үлкен күтімді қажет етеді.

Тіс ағартудағы бірінші көмекші – ас содасы деген пікір қалыптасқан. Алайда, біз тіс эмалін құртып алмай, сарғаюмен оңай күресудің басқа жолын ұсынамыз. Оңай, жылдам және пайдалы! Ол үшін:

- әдеттегідей тісіңізді тіс пастасымен ысыңыз;

- одан кейін, тіс щеткасын жуып, оған бір-екі тамшы шай ағашы (чайное дерево) майын тамызыңыз;

- тісіңізді екінші мәрте ысыңыз;

- аузыңызды жылы сумен шайыңыз.

Тісіңіз жылтырап, ағара түскенін бірінші жуғаннан-ақ, байқауға болады.

Бұл емдік шараны аптасына 2-3 рет жасап тұрсаңыз жеткілікті. Үзбей қолданысқа енген бұл әдіс көп күттірмей-ақ, сізді армандаған аппақ тістің иесі етеді. Оған қоса, аузыңыздан жағымсыз иіс шықпайтынына сенімді боласыз.

Ескерте кетейік, ешбір қоспасыз өңделген шай ағашы майын дәріханадан сатып алуыңызға болады.


Стоматология құпиялары: жарылатын тістер
Действительно ли присыпка с тальком вызывает рак?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу