Дәрімен аурудан айығуға бола ма?

Oinet.kz 01-02-2020 1399

Бүгінде адамдардың арасында кең тарағын денсаулықты сақтаудың негізгі екі тәсілі бар. Ол – ауырған кезде емханаға барып дәрігерге көріну және дәрігердің жазып берген дәрісін сатып алып ішу, екіншісі – салауаттылықты ұстану, ұйқы мен тамақтану ережесін сақтап, дене жаттығуын жасау, бір сөзбен айтқанда денсаулықты күту.

42b594888305d1fd8a21107103dd8321-896x529.jpg

Таяуда «миллионерше ойлау» атты өзін өзі жетілдіру курсының авторы Алекс Яновскиидің бір сабағын тыңдадым. Онда Яновскии  «дәрігер үшін науқас табыс түсіретін клиент, сондықтан дәрігер күнкөрісі үшін науқастың ауруынан түбегейлі жазылып кетуіне мүдделі емес» дегенді айтты. Дәрігерге  науқас адамның  бір дертінен жазылған соң екіншісімен ауырып, қайта-қайта келе беруі тиімді.

Қазақ «өлеңді жерде өгіз, өлімді жерде молда семіреді» дейді. Яғни, дәрігерге адамдардың неғұрлым көп ауырып, емханаға жиі баруы, дәріні күнде сатып алып ішуі тиімді. Міне, сондықтан да, денсаулықты сақтаудың алғашқы тәсілін ұстанғандар ешқашан ауруларынан толық айықпайды және олар емхананың тұрақты клиенттері болып қалады.

Кейде жолың түсіп емханаға немесе ауруханаға бара қалсаң кезек күткен қалың нөпір адамды көресің. Қашан барсаң да емханада кезек бір үзілмейді. Науқастардың арасында кәрілер де, жастар да бар. Соңғы жылдарда, тіпті емханаға баратын жастардың қатары көбейіп барады.  Бұдан түйетініміз – дәрімен аурудан толық айығу мүмкін емес.


Ауырмайтын адам бар ма?

Осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті спорт газетінде қызмет ете жүріп, бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Бекболат Сәдуақасов деген ақсақал жайлы мақала жаздым. Ол кісі өмірі ауру дегеннің не екенін білмей келеді екен. Бұл – кездейсоқтық па? Жоқ. Ол күніне бір жарым сағаттай дене жаттығуларын жасап, жүгіреді, мұздай суға шомылады, салауаттылықты ұстанады.

Осыдан 12 жылдай бұрын қатты ауырып, ауруханаға түскен едім. Содан кейін бір халық емшісінің ақылымен салауаттылықты ұстаунға көштім. Күн сайын дене жаттығуын жасаймын, мұздай суға шомыламын, ұйықтау және тамақтану тәртібін сақтаймын. Нәтижесінде – ауруханаға баратын жолды ұмыттым. Дәрі де ішпейтін болдым.

Егер ауырмаймын десеңіз, ауруханаға барып, дәрігердің көмегіне сүйенуді ұмытыңыз. Ең дұрысы, салауаттылықты ұстанып, ұйықтау және тамақтану тәртібін сақтау, дене жаттығуын жасауды әдетке айналдыру. Осылай жасағаныңызда денсаулығыңыз жақсарып, аурудан аулақ боласыз. Бұл – шындық.

Бір мақаламен денсаулықты сақтау жайын толық баяндап шығу мүмкін емес. Сондықтан, алдағы уақытта денсаулықты сақтау мәселесіне арналған сериялық мақалалар жазу ойымда бар. Ол мақалалалардан сіз көп пайдалы ақпарат алып, соны тәжірибе жүзінде қолдану арқылы игілікке жетуіңізге мүмкіндігіңіз бар. Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.


Дерекакөз: Ақиқат

Названа главная опасность парацетамола вчера
Құлақ аурулары. Оны емдеу жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу