Алкогольді ішімдіктің денсаулыққа әсері
Алкоголь – биологиялық у. Ол барлық органдарды зақымдайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады.
Адамның миы жұмыс істемей қалады. Спирттың у концентрациясы 70-80%-ке дейін жетеді. Бұл мөлшер қандағы спирттің мөлшерінен әлде қайда көп. Спирт бауырда да көп жиналады 48%. Алкоголь ағзаға ете тез арада сіңеді, небәрі 5-7 минут ішінде қанға сіңіп, бірнеше биохимиялық-физиологиялық өзгерістер туғызады. Нерв жүйесін бұзады. Эпилепция ауруын тудырады. Барлық бақытсыздықты алкоголь тудырады. Күнделікті тұрмыста болатын травмалардың 20 % арақ, ішуден болады. 50% транспорттыық апат осы арақ ішуден туындайды. Алкоголь ағзалардағы болатын витаминдердің (B,PP,C,A,F) бәрін жойып жібереді.
Сондықтан да зат алмасу үрдісі адамның кенет төмендеп кетеді. Әрбір қылмыстық істердің қозғалуы 80-90% арақ ішіп мас болған шақта жасалынады. Жанұяның берекесі кетеді. Алкогольдің ауыр жүгі адамзат баласы биологиялық деградацияға ұшырайды.Біртіндеп жер бетінен жойылады. Мұның бәрі ғылыми дәлелденген аксиома. Мұны «популяциялық деградация» деп атайды. Оның белгілі коэффиценті болады. Ф.Т. Угловтың жазуына қарағанда, 3% ақыл-ойы жетіспеген балалар дүниеге келеді екен. Сонда адамзат баласының ұрпағы келешекте не болмақ. Ақыр заман деген осы ғой. Әрбір ішімдік денсаулыққа залалын тигізеді.