Ағзаға йод жетіспесе...

Oinet.kz 04-12-2019 1037

Әдетте ағзаға йод жетіспейді деп естіп үйренгенбіз. Бірақ йодтың қажет шамасынан тым артуы да денсаулыққа пайдалы емес. Мұндай ауру алыс шет елдерге, теңіз жағажайына дем алып келген туристерде байқалады.

Йод теңіз балдырларынан бөлінеді. Ол теңіз тағамдарында, теңізде, тіпті теңізден буланған ауада болады. Сол себепті теңіз жағалауына дем алуға барған туристер йодтың жақсы мөлшерін қабылдап кетеді екен. Егер оған дейін сіздің ағзаңызда йод жеткілікті шамада болса, мұндай демалыстан кейін оның шамасы дереу өсіп кетіп, ол денсаулығыңызға әсер беруі мүмкін. 

Screenshot_9.jpg

Әрине, теңізден алыс тұратын болсаңыз, сіздің ағзаңызда йод аз болады. Ғалымдардың айтуынша, демалысқа шығып, теңіз жағажайларына баруды аңсау ағзаның осы йод жетіспеушілігіне байланысты екен. Йод гармондар синтезі үшін қалқанша безіне өте қажет екен. 

Бірақ қандай пайдалы зат болмасын, әр нәрсенің шегі бар. Сол сияқты йодтың қажет шамасынан артуы да зиян бола алады. Теңіз маңында жүргенде сіз теңіз тағамдарын жеп, теңізде шомылып, теңіз ауасымен демалып, ағзаны йодқа әбден қанықтырасыз. Осыншама йодтың шамасын өмірі көрмеген қалқанша безі сол кезде "есінен танып", гармондардың бөлінуі бұзылады. 

Тиреотоксикоз немесе йодпен улану кезінде адамның дене температурасы 37,5-39 градусқа дейін көтеріледі. Қан қысымы секіре бастайды (жоғарғы қысым көтеріліп, төменгі көрсеткіш керісінше кемиді). Бір сәтте дала тым ыстық болып сезіледі, тамыр соғуы жиілеп, самайыңыздағы қан соғуын сезгендей боласыз. Ауа жеткіліксіз болып, тәбетіңіз қашады. Қолдарыңыз дірілдеп, құсқыңыз келеді. Көңіліңіз кетіп, ұйқысыздық басталады. 

Мұның бәрі теңіз тағамдарын тым көп жеуден болуы мүмкін. Демалысқа келген бойда балық, теңіз шаяндарын, балдыр, сушиді көптеп жемеңіз. 

Расымен, осы дертке шалдыққаныңызды білгіңіз келсе, қарныңызға йодпен тор салыңыз. Сары дақтар 2 сағаттын ішінде жойылып кетуі керек, керісінше жағдайда ағзадағы йодтың мөлшері тым көптігін көрсетеді. Тамырдың соғуын өлшеңіз, егер ол 80-90 болса, демалып, тынышталып, қайта санаңыз. Ол кемімеді ме? Ендеше ағзаңызда йод тым көп екенін біліңіз. 

Мұндай жағдайда сізге дереу теңіз тағамдарын жегенді тоқтату керек. Температураны түсіру үшін аспирин және басқа да салицилат тобының дәрілерін (седальгин, аскофен, цитрамон, цефекон) қабылдамаңыз. Күннен қорғайтын көзәйнектер киіп, көзді күннен қорғаңыз. Тамыр соғуын басу үшін көзді жұмып, көздерді саусақтармен ақырын уқалаңыз. Жағажайға баруды жазылғанша доғарған дұрыс. Әрине мүмкіндік болса дәрігердің көмегіне жүгініңіз.

Жүрек ауырса не істеу керек?
Егер буындар сырқырап ауырса не істеу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу