Көктемде ауырмаудың жолдары

Oinet.kz 21-11-2019 1453

Көктем.jpg

Бір қызығы, адамдар тұмаумен көбіне қыстыгүні емес, көктемде жиі ауырады екен. Неліктен? Осы жөнінде ойланып көрдіңіздер ме? Көктемде қалай тұмауратпауға болады? Ендеше, мына бір кеңестерге құлақ салып көріңіз:

Жылы киініңіз. Көктемде ауа-райы алдамшы, құбылмады келеді. Ал бұл мезгілде адам иммуниеті өте нәзік болады. Және көктем айларында ауа температурасы бір көтеріліп, бір түсіп тұрады. (Мысалы, таңертең 0 градус болса, күндіз - +10 градус, кешқұрым қайтадан 0 градус шамасында болуы мүмкін) Адамдар үйінен көбіне күндізгі ауа-райына лайықты киініп шығады. Дегенмен, көп уақытын сыртта таңертең және кешке өткізеді. Осының салдарынан салқын тиіп, тұмауға шалдығу қаупі өте жоғары.      

Қырыққабат секілді киініңіз. Өзіңіздің әлсіз жерлеріңізді біліңіз. Сіз күні бойы сыртта жүріп, жаурағаныңызды ет қызуымен сезбеуіңіз мүмкін. Дегенмен, бұның салдары өте ауыр болмақ. Әсіресе, табаннан өткен суық сізді есеңгіретіп тастары анық. Табанды жылы ұстамағандықтан, кейіннен бойыңызды жайлаған аурудан емделу қиынға соғады. Және бас, тамақ та табан секілді әлсіз жерге жатады.  

Сондықтан да, аяғыңызға туфли емес, бәтіңке, әрқашан бас киім киіп, мойныңызға шарф орап жүріңіз. Жалпы, қысқаша айтсақ, жеңіл-желпі емес, қабат-қабат киініңіз. Бұл өте ыңғайлы. Себебі, күн бірден жылып кетсе, сырт киіміңізді шеше аласыз. Ал, күрт суып, жаңбыр жауып кетсе, қайта кие саласыз. Осылайша, сіз өзіңізді көктемгі суықтан қорғай аласыз. 

Иммунитетіңізді арттырыңыз. Көктем айларында температураның көтерілуі мен ауаның ылғалдылығы вирустар мен бактериялардың белсенді болуына зор жағдай жасайды. Міне, дәл осы уақытта адамның имунитет жүйесі еш ақаумыз жұмыс істегені өте маңызды. Осы себепті, көктемде дәрумендерді жиі қабылдау керек. Әсіресе, құрамында С дәрумені мол жеміс-жидек, көкөністерді (цитрусты жемістер, қырыққабат. т.б) ас мәзіріңізге қосқан абзал. Және иммунитетті көтеруде тұрақты түрде дене қимылдарын жасап тұрған зор рөл атқарады. 

Суық сумен шынығыңыз. Әрине, айтқанға оңай. Егер дұрыс шынықпасаңыз, өкпеңізге суық тигізіп аласыз. Сол себепті, суық сумен шынығуды бірден бастамау керек. Алдымен, денеңізді жылы сумен ысқылаудан бастаңыз. Содан кейін әрбір жаттығу сайын судың температурасын 1-2 градусқа түсіріп отырыңыз. Денеңіз мұндай өзгерістерге үйрене бастағанда, суық сумен еркін шыныға бересіз. Уақыт өте келе, мұның пайдасының зор екеніне көз жеткізесіз. Суық су сіздің денеңізді сергітіп, ағзаңызды жақсартады.  Су бойыңыздағы лас энергияларды өзімен бірге шайып әкетеді.  

Қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн. Әсіресе, көктемде жұқпалы аурулар қатты тарайды. Мұндай аурулар иммунитеті әлсіз адамдарға тез жабыса кетеді. Осы себепті, жұқпалы аурулардан сақтанған абзал. Сол үшін қоғамдық көліктен түскенде, бөгде кісілермен амандасқасын, қолыңызды жууды ұмытпаңыз. Лас қолыңызбен бет-аузыңызды ұстамаңыз. Жұмыс істейтін, демалатын, ұйықтайтын бөлмелеріңізді күніне бір рет желдетіп тұрыңыз. Себебі, бактерялардың белсенділігі қою ауада артады. 

Өзіңізді мәжбүрлеп диета ұстамаңыз. Көктемнің алғашқы айлары – өтпелі кезең. Дәл осы уақытта адам ағзасы нақты дәрумендерге мұқтаж болады. Егер сол дәрумендерді дер уақытында қабылдамасаңыз уақыт өте келе созылмалы ауруларға ұшырауыңыз әбден мүмкін. Сондықтан да, осы өтпелі кезеңде өзіңізді мәжбүрлеп диета ұстап, ағзаңызды қажетті дәрумендерден қақпаңыз. Осының салдарынан сіз диетаның пайдасын емес, зиянын көп көресіз.

Ұйықтаңыз. Бұл да өте маңызды. Ұйқының дұрыс болғаны өте маңызды. Тым жұмысбасты блып, ұйқыны ұмытып кетпеңіз. Немесе 1-2 сағат көз шырымын алып, күндіз бір, түн ортасында бір ұйықтап, келесі күні басқаша ұйықтап, ұйқы жүйесін бұзып алған өте қауіпті. Жүйесіз ұйқы жүреу ауруына шалдықтырады. Сондықтан да күнделікті нақты бір уақытта ұйықтаңыз. Мысалы, түнгі 22.00-ден таңғыз 6.00-ге дейін секілді бір жүйені ұстаныңыз. Бұл көктемгі әлсіздікте сіздің денсаулығыңыздың бірқалыпты болуына өз әсерін тигізеді.

Күншуақта жиі серуендеңіз. Қыс айларында адам терісі бозарып кетеді. Себебі, адам терісіне күн сәулесі қажет. Көктемгі күн сәулесі адам терісіне өте пайдалы. Бұл сәуледен сіздің ағзаңызда Д дәрумені пайда болады. Ал, Д дәрумені ағзаңыздағы бактериялармен күресуге көмектеседі. 

Тісті ағарту жолдары
Сергек жүру үшін не істеу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу