Арықтаудың жолы – диета емес, дұрыс тамақтану

Oinet.kz 20-11-2019 1430

Дене бітімінің сымбатты, артық майсыз болғанын қаламайтын қыз-келіншектер кемде-кем шығар. Әсіресе, көктем мезігіленде артық майлармен күресушілер көбейеді.  Мұндайда диетологтар мен спорт залдардың  есігін тоздырамыз. Енді біріміз өз бетімізше диета ұстауға тырысамыз.  Қыпша бел үшін өзіне аштық жариялап, тамақтан бас тартатындар да жеткілікті. Алайда диета арықтаудың басты жолы емес. Құнарлы, пайдалы тағамдардан бас тарту, уақытылы ас ішпеу сіздің денсаулығыңызға, нақтырақ айтқанда асқазаныңызға кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан мамандар арықтаудың төмендегідей тәсілдерін ұсынады.   

Егер сымбатты болғыңыз келсе алдымен ас мәзіріне көңіл бөліңіз. Диетологтар қыз-келіншектерге дәмді тағамдардан бас тартуға кеңес бермейді, тек кейбірін алмастырсаңыз болды. 

Артық майдан құтылу үшін сізге біріншіден газды сусындардан бас тартуға тура келеді. Жемісті шырынның газы жоқ сондықтан оның зияны бола қоймас деп ойласаңыз қателесесіз. Шырынның құрамында қант болады. Ал қант денеңізге артық салмақ жинайды. Мүмкін болса шәй мен кофені қансыз ішуге тырысыңыз. Газды су, шырын, кофенің орнына лимонад ішсеңіз, сол әлдеқайда пайдалы. Алайда дүкен, сауда орындардағы лимонадтарды сатып алуға асықпаңыз. Өйткені олардың да құрамында қант болуы мүмкін. Сусынды мүмкін болса үйде өзіңіз дайындаңыз. Ол үшін қайнаған суға қалаған цитрусты жеміс пен қиярды салыңыз. Бұл пайдалы әрі шығынсыз.   

Screenshot_12.jpg

Астық дақылдарды мен кебекті де ас мәзіріңізге қосыңыз. Өйткені, олар пайдалы жасұныққа бай. Сұлы жармасынан, қарақұмық және күріштен жасалған дәмді ботқаларды да ас мәзіріңізге қосыңыз. Есіңізде болсын, ботқаларда біздің қанымызға түрлі микроэлементтер сыйлайтын кешенді көмірсулар бар. 

Еттен бас тартпаңыз. Тек майға қуырылғаны емес суға, буға піскенін жеген жөн. Жылқы, сиыр, қой еттеріне қарағанда  құс және балық еттері денсаулыққа пайдалы екенін айта кетейік. 

Ас мәзірінде күнделікті қолданылатын макарон өнімдерін жиі тұтыну сізді семіздікке душар етеді. Алайда барлығы емес. Макарон өнімдерін сатып аларда оның құрамына баса назар аударыңыз. Егер макарон жоғары сұрыпты ұннан жасалса бас тартыңыз. Өйткені жоғары сұрыпты ұнның калориясы өте жоғары болады. Керісінше төменгі сұрыпты ұннан жасалған макарондар денсаулыққа зиянсыз. Нан сатып аларда да осы қағидаларды ұстаныңыз. Дәрігерлердің қара нанды жеуге кеңес берулері тегін емес екенін ескеріңіз. 

Майонез бен кетчуп – сіздің басты «жауыңыз». Аталған майлы соустарда адам ағзасына зиянды қоспалар болады. Сол үшін майонездің орнына йогурт, ал кетчубтың орнына табиғи қызанақтан жасалған томатты тұтынуыңызға болады. 

Сүт өнімдері табиғи, сондықтан  диетаға кесірі тимес деу жаңсақ пікір. Егер фигураңызды сақтағыңыз келсе сүт ішпеңіз және қаймақ жемеңіз. Олар қанша жерден табиғи, ақуызға бай болса да майлы болып келеді.  Қаймақтың орнына жоғарыда аталған йогуртты қолдансаңыз болады. Қанша дегенмен йогурттың қаймаққа қарағанда калориясы үш есе төмен болып келеді.

Көкөністің кез-келген түрін тұтына беріңіз. Олардың ешқайсысы сізге артық салмақ «сыйламайды». Бірақ жеміс-жидектерді көп жемеген абзал. Себебі олардың да құрамында азда болса қант болады. 

Мамандар жиі-жиі тамақтанып тұруға кеңес береді, бірақ тойып емес. Асты аз-аздан тұтыну асқазанның жұмысын жақсартады. Сондай-ақ тамақ ішкенде асықпаңыз, асты неғұрлым жақсылап шайнасаңыз соғұрлым  сіңімді болады. Соңғы ас қабылдау мерзімі ұйықтардан 3 сағат бұрын болуы керектігін қаперіңізде ұстаңыз.

​Онкология – ұрпақ жалғастыруға кедергі емес
Семіздік серделдеңге салмасын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу