Армандағанда абай болу керек

Oinet.kz 01-10-2019 1164

842.jpg

Бала күнімізде сабаққа бармаудың түрлі амалдарын ойластырушы едік. Ең жақсысы өтірік ауырып қалу. Таңертең әке-шешеңнің көзінше аяғыңды әрең басып, көзіңді мөлитесің. «Не боп қалды?» дегенде жыларман болып «басым ауырып жатыр» дейсің. Әйтеуір ауру баланың кейпіне жақсылап енген соң «бүгін үйде қал, сабаққа бармай-ақ қой» деп анаң дәрі ішкізіп кеткенде сенен бақытты жан болмайды. Бірақ сол күні сап-сау басың шынымен де ауырып қалады. Түске қарай мазаң кетіп, әлсірей басайсың. Немесе басқа жағдайды алып қарайық. Далада жүгіріп ойнап жүрген балаңызға қарап «әй, осы қазір құлап қалады-ау» деп ойлап болғаныңызша ойын баласы жығылып үлгереді. Мұның себебін ғалымдар енді анықтапты. 

Психология ұғымында «ойыңыз жүзеге асады» деген сөз көп айтылады.  Бұл дегеніңіз адам өз қалауын орындату үшін миға сигнал беріп қояды. Ғалымдар: ойымыз – қалауымызды жүзеге асыратын өзіндік магниттік күшке ие екенін осылайша дәлелдеп отыр. Сондықтан психологтар  ойыңызды дұрыс басқара біліп, армандағанда абай болуға кеңес береді.  

Жансая Бегалина, 

Шымкент қаласы

Суды шамадан тыс пайдалану неге әкелуі мүмкін?
Кофе - сергіткіш сусын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу