Ата-анамен қарым-қатынасты қалай жақсартуға болады?

Oinet.kz 27-09-2019 1179

Картинки по запросу родители

Ата-анамен қарым-ұатынас біз қалыптастыратын емес, табиғаттың заңдылығымен немесе биологиялық тұрғыдан алдын ала жасалып қоятын байланыс. Кейде балалары мен ата-аналары бірін-бірі түсініспей, тіпті бет көріспей кететін жағдайлар болады. Әрине, жақыныңнан келетін түсініспеушілік бізге басқасынан ауыр тиетіні рас.

Әісре сілтеніп тұрған жоқ, дегенмен дәл ата-*анамен болған қарым-қатынасымыз біздің әрі қарайғы өміріміз, жұмысымыз, отбасымыз, балаларымызбен де байланысымызды түзеді екен.

Ең басты шарт: ата-анаңды сүю керек және ата-аналарға қамқорлық жасау керек. Сіз өз балаңызға қалай қарайсыз? Барынша қамқорлықпен, түсінікпен, кейде талапшылдықпен, бірақ жұмсақ, міне дәол осылай ата-науға да қарауға міндеттісіз.

Ата-аналарға қамқорлық жасау үшін, сіздің көңіл бөлуіңіз жеткілікті. Бұл аса қиын емес: қоңырау шалу, жағдайының қалай екенін білу, сөйлесіп, хат жіберу, гүл сыйлау... Мұның барлығы ұсақ-түйек болғанымен, бұл сізге де, оларға да жағымды. Сіз жоқ жерде қиналатын тұстарына көмек беріңіз және жай ғана оларды ұмытьпаңыз.

Әңгіме дүкен құрыңыз.

Иә, сіздің сыйлықтарыңыз, қаржылай көмегіңіз де кейде жеткіліксіз, себебі ол кісілерге ендігі ақшаның құны онша жоқ. Олар сізді, сіздің бауырларыңызды асырау үшін ғана еңбек етті. Сізде бәрі жеткілікті, енді сізден тек бір нһәрсе қажет. Жанында болу. Міне ең маңызды кілт.

Ата-анаға жақсылық жасау күшті ерік-жігер мен имандылықты қажет етеді.

Алла Тағала мына аятта әуелі өзіне шүкірлік етуге, содан кейінгі кезекте ата-анаға бет бұрып, алғыс айтуға шақырады:

   «Адам баласына, әке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық. Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, әрең босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, (сүттен) айыру отыз ай. Ақыр ол, ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде: “Раббым! Өзіме әке-шешеме берген нығметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзу амал істеуімді маған нәсіп ете көр! Менің ұрпақтарымды да түзелт. Шын мәнінде, мен тәубе қылдым. Әрине мен бой ұсынушыларданмын” деді» (Аһкәф сүресі, 15 аят).

   Осы аяттардан ананыңбосану кезіндегі жан қиналыстары көз алдымызға келеді.  Былайша айтқанда, өзінің өміріне қауіп төнсе де перзентті дүниеге әкелуге бел байлайды. Бұның қиындығын аналар ғана жақсы сезіне алады.

   Сәбиіне сүт емізген кездегі құбылысқа көңіл аударып көріңізші. Баланы қолына алып алғаш емізген сәтінде Алла Тағаланың бар ауыртпалығын бірден ұмыттырып, алпыс екі тамыры иіген ананың көңілі мейірім мен сүйіспеншілікке толады.

«Адамдарға; ата-анасына қарайласуды бұйырдық. Ананың оған мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның Мен жақ»(Лұқман сүресі, 14-аят).

   Шын мәнінде, әлемдегі ең ұлы ақиқат – ата-ананың балаларына деген мейірімі. Бүкіл ғұмырларын балаларының бақыты үшін құштарлықпен пида еткен ата-ана қандай құрметке де ең лайық жандар. Олай болса ар-ожданы ояу әрбір перзент осындай өзіне адал берілген  шынайы жанашырларға құрмет көрсетіп, сыйлап, қызмет жасап, олардың ризашылығын алуы керек.

Оларды жақсы көру, аялау, құрметтеу біздің бала ретіндегі борышымыз ғана емес, сонымен қатар біздің жүрегіміздің қалауы да болуы қажет.

Тырнақ сынғыштығына қандай ем қолдануға болады?
Ертеде өмір сүрген алаяқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу