Қайызғақтан қалай арылуға болады?

Oinet.kz 27-09-2019 1608

0730F7BD-B1C6-4F3D-951B-4CE5E78FCCF5.jpeg

Шаштағы қайызғақты кетірмес бұрын оның алдымен себебінианықтап алған жөн. Көп жағдайда шашты ылғал кезде қатты тарағаннан, шаш жуу кезінде саусақпен қатты тырнағаннан бас терісі зақымдалып, үгітілу әсерінен болады. Немесе дәрумен жетіспегеннен де шаш қайызғақтануы мүмкін. Ошаған майын пайдалану да шашқа қажетті дәрумендерді береді.

Мамандардың айтуынша, бас терісіне ауа өткізбей, соның салдарынан шаштың әлсіреуіне әкеп соқтыратын қайызғақтан жер бетінде әрбір үшінші адам зардап шегеді. Негізінен, қайызғақ шашты дұрыс күтпегеннен, ағзадағы зат айналымының бұзылуынан, жүйке жүйесінің зақымдануынан және дәрумендердің жетіспеушілігінен пайда болады. Қайызғақты кетірудің бірнеше жолы бар. Ол – ең алдымен, толыққанды демалыс пен дұрыс тамақтану. Ащы, тұзды, майлы және қуырылған тағамдарды тұтынуды азайту керек. Сол сияқты көмірсуға бай өнімдерді, яғни тәттілер мен ұннан жасалған тағамдарды да аз жеген абзал. Оның есесіне ас мәзіріңізде сүт өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектер қорын молайтсаңыз, құба-құп болады. Тағы бір айта кететін жайт, қайызғақ жұқпалы болып келетіндіктен, жеке бас гигиенасын қатаң сақтау қажет. Яғни шаш күтіміне арналған құрал-жабдықтарды жеке өзіңіз пайдаланғаныңыз дұрыс!

Қызылшаның  суы қайызғаққа  таптырмас ем.Ол үшін  үш литрлік  банкі алып  оған  жартылай су құямыз.Осы суға қызылшаны турап су банкінің  аузына  жеткенше  салып бетін жауып  бес алты күнге  терезенің алдына  беті көгергенше қойып  қоямыз.Бес алты күннен кейін      қызылшаның суын  дәкеден  өткізіп аламыз да  жылы суға араластырып мұны басты жуып  болғаннан кейін  қолданамыз.

Бір ас қасық  түймешетенді(пижма)  екі стакан  қайнаған   суға араластырып     екі сағат қойып  қоямыз.Осы қоспамен  шашты  кем дегенде  сабынсыз  бір ай  жуу  керек.

Төрт лимонның  қабығын  бір  литр  суға салып  он  бес минут    қайнатып аптасына     бір рет осы  қоспамен  басын   шайып  тұрса  қайызғақ  кетеді.

Егер  бас  құрғақ  әрі  қайызғақ   болса  басты жумас  бұрын  зәйтүн  немесе кастор  майы арқылы    жақсылап массаж  жасау керек.Және  бұл  майдың  қайсысы болса  да  бір ас қасығын алып  лимон шырынына араластырып   оған  саусақтың  ұшын  батыру  арқылы бас  терісіне  массаж  жасаймыз.Содан кейін   жақсылап  жуып   тастау қажет.

Қонақ үй брондауға кеңестер
Тырнақ сынғыштығына қандай ем қолдануға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу