Балдың адам ағзасына пайдасы
Бал өте тойымды тамақ, депті бір атақты аю. Балалық шағымыздың иісі аңқитын осы бір алтын түстес сұйықтықтың нендей пайдалары бар екен?
Органолептикадан бастайық. Біріншіден, балды тәтті сөзән қоспай сипаттау қиын. Осыған байланысты кейбір дәмді тағамдарды балға теңеп жатамыз. Бұл ұғым біздің рецепторлардың өте кең ауқымын сипаттайды. Екіншіден, бұл өнімнің түрлі дәмі, түсі, хош иісі, консистенциясы бар үлкен ассортименті.
Балдың ағзаға пайдасы өте көп. Ол қан құрамын жақсартады, , ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.
Өте құнарлы, тойымды болғанына қарамастан құрамында ауыр қорытылатын элементтер кездеспейді. Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрақ қант бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті.
Маңызды!
Шынайы балды бал арасын қант шырынымен қоректендіру арқылы алады. Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағ-дайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол – балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.
Сонымен қатар6 бал адамның ми қабілетін жақсартады. Қан айналымы дұрыс болуы үшін қуат беріп тұрады. Әртүрлі қан-тамыр ауруынан сақтайды, жүрекке оң әсер етеді. Асқазан, ішек ауруына шалдыққанда балды тұрақты пайдаланса, ас қорыту қызметі реттеледі. Қан қысымы өрлегенде зығырдан 50 гр., балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қосып күніне екі рет ішсе, қан қысымын төмендетеді. Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне немесе жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ ауруын жазады. Ұйқысыздық мазаласа, жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі. Үккіштен өткізілген сәбізге бал қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, сіңіп, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Бауыры, өт жолы ауырғанда емі тамаша. Аузы уылған адам бал жесе тез айығады. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру керек.