Аяқ тершеңдігі мен иісін кетіру жолдары
Аяқ иісі глобалды мәселе десе болады. Мәселе дейтініміз адамдардың осы аяқ иісін мәселе көрметінінде болып отыр.
Иістің қайдан не себептен пайда болатыны белгілі, сондықтан да емінен бастағанымыз дұрыс болар. Тіпті ем деуге де келмес, бұл қарапайым тазалық қағидалары.
Егер аяғыңыздан жағымсыз иіс шығып, сізді ұятқа қалдырып жүрсе ең алдымен аяғыңыздың тазалық режимін дұрыс қалыпқа келтіргеніңіз дұрыс.
Аяғыңызды жуарда:
жөке;
сабын;
өкше езгіш пайдаланғаныңыз абзал,
Өкше езгіш пен жөке өз таңдауыңызда да, ал сабынның төмендегі түрін қолданыңыз.
Бұл сабынның антибактериалдылығы жоғары, және кірді керемет кетіреді. Көзіңізге көрінетінін де, көрінбейтінін де. Иісі өте өткір, жағымсыздау, дегенмен сасық аяқ иісіне жағысмдырақ.
Келесі процедура таза жуылған аяққа жақпамайлар қолдану қажет. Қазір дәріханаларда аяқ иісіне қарсы жақпамайлар өте көп. Соның бірі Дегтярная пастасы. Паста аяқтағы жағымсыз иісті кетіріп қана қоймай жағымсыз иістермен де белсенді күреседі. Бұл паста тексерілген және дәрігерлердің бірінші ұсынатын өнімі болып табылады.
Теймуровая пастасы. Пастадан жалбыз иісі шығып тұрады, әрі жағымды, әрі қорабы да ыңғайлы, жолға шыққанда жаныңызға алып жүруге болады. Паста артынан ақ дағын қалдырмас үшін сіңдіріп жағу маңызды.
Шұлық, аяқ киім.
Шұлық деген, ол бөлек тақырып. Шұлық таңдағанда да арзанына жүгіре беруге болмайды. Жәіне шұлықты негізгі гигиеналық талаптар бойынша бір рет қана кию керек. Әр киген сайын шұлықты тазалап жуып отыру қажет.
Аяқ киім де дәл срлай, арзан болған сайын иістенгіш келеді. Және аяқ киім таңдағанда оның ауа өткізгіштігіне аса қатты мән беріңіз. Егер аяғыңыздан қатты иіс шығып ол аяқ киіміңізге сіңіп қалған болса, оны тек жуу аз. Арнайы этиль спиртімен тазалап сүртіп, салқын жерге қою керек. Себебі аяқ киімге енген бактериялардан құтылу өте қиын шаруа.