Неліктен сағат сыйлауға болмайды?

Oinet.kz 26-08-2019 2748

-.jpg_q50.jpg

Кейде туған күн иесіне сыйлық алу өте қиын шаруаға айналатыны белгілі. Сондай сәттерде сағат ең қолайлы сыйлық болар еді. Өте әдемі әрі стильді, пайдалы зат. Кез келген сағаттар дүкеніне барасыз да, кез келген жақыныңызға, досыңызға, құрбыңызға, қызыңызға болсын таңдап жүріп ала аласыз.  Бірақ сағат сыйлауға болмайды деген ырым бар екенін білетін боларсыз?. Ол түсініктің қайдан шыққанын, неге олай айтылатынын ойланып көрдіңіз бе?

Мұндай ырым бізге аспан асты елі Қытайдан келген болса керек. Қытайлықтарда сағат сыйлау өлімнің жақындағанын білдіретін ырым деп санайды. Ал славяндардбұл түсінік аздап өзгертілген. Оларда сағат сыйлау айрылысуды білдіреді. Көп адамдар адамның өмірі сол сағатпен тәуелді болып, сағат тоқтағанда адам жанының да үзілетінін айтқан. Сондықтан жақын деп санаған адамдарыңызға мүмкін болса «уақыт өлшегішін» сыйламағаныңыз дұрыс, сыйласаңыз да сапалы швейцариялық тоқтамайтын, өмір бойғы кепілдігі бар сағат сыйлаңыз. Ал ұнатпайтын адамыңызға арзан сағат сыйласаңыз да болады. Есесіне ырымның рас не өтірігін тексеріп көре аласыз. Алайда «Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле» дегенді де ұмытпағаныңыз абзал.

Ғашығыңызға, сүйіктіңізге сағат сыйлау жақын арадағы айрылысудың белгісі. Ырымға сенбесеңіз де ондай сыйлық сыйлай көрмеңіз. Орнына басқа бір креативті сыйлық ұйымдастырғаныңыз абзал.

Сағаттың тағдырға, махаббатқа қандай байланысы бар екені ғылыми тұрғыда әлі дәлелдене қойған жоқ. Ал эзотериктер ол байланыстың бар екенін растайды әрі таза ниетпен берілмеген мұндай сыйлық иесіне кері әсерін тигізеді деп есептейді. Әрине сену-сенбеу әр адамның өз еркінде. Дегенмен расымен де сағат сыйлауды шешсеңіз, сол адамды сағаттар дүкеніне шақырып, өзіне таңдатыңыз да, сіз тек ақшасын беріңіз. Ол мүмкін болмаған жағдайда сағатты өзіңізге сатып алыңыз да, оған сыйға берер кезде ақысына тиын немесе қандай да бір зат сұраңыз. Сонда ол сізден сағатты сыйлыққа емес, сатып алған болып есептеледі.

Google сіз жайында не біледі?
Аяқ тершеңдігі мен иісін кетіру жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу