Тағам - мәңгілік бизнес

Oinet.kz 23-08-2019 1324

Screenshot_1.jpg

 Бүгінде сұраныс жоғары кәсіптің бірі тағам өндірісі. Оның ішінде фаст-фуд әзірлеу. Фаст-фудтың артықшылығы тез жылдам дайындалады әрі тойымды, дәмді болады. Бағасы да қол жетімді.  

  Маркетингтік сараптама: 

Самса, чебуреки, сынды майлы тағамдардың орнын донер-кебаб ауыстырды. Қарапайым халық денсаулыққа едәуір зиянды екенін біледі, десек-те одан бас тартпайды. 

 Стратегия: 

- Жарнаманы қажет етпейтін орталықтан ашқан жөн. 

- Барынша жеткізу қызметінің болғаны келушілердің санын арттырады.  

- Жергілікті құс фабрикасы, қымыз өндіретін, сусындар сататын компаниялармен арнайы келісімшартқа тұра біліңіз. 

- Аспаздың тәжірибесіне, өз ісінің маманы болғаны дұрысырақ. Олай болса артық қызметкерді қажет етпейсіз.  

  Шығыс: 

- Аренда шамамен 150-200мың теңгедей болады. 

- Донерді дайындайтын құрылғы 300 000 тг. 

 Ас мәзірі: 

  •  Донер Кебаб (етпен, сырмен, тауық етімен); 

  •  Қымыз, айран;

  •  Сусындар;

  •  Бауырсақ, нан; 

  •  Чикен; 

  •  Бургер; 

 Кіріс: 

- Донердің өзінің құны 300 тг, қазір донердің бағалары кем дегенде 500тг. Үстінен 200-300тг қосасың. 

- Егер бір күнде 100 донер сатылса, 20 000тг табыс. 

- Осы қарқынмен бір айда 600 000тг кіріс. Қызметшілерге 200 000тг, арендаға, қосымша салықтарға 200 000 төленеді делік. Өзіңізге қалатын сомма 200 000тг. Бұл тек донерден түскен пайда. Осылайша, 2-3 айда кәсібіңіз өзін ақтай алады. 

Еуропаға барар болсаңыз нені есте ұстау керек?
Тұрмыстық қызмет көрсету орталығын ашу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу