Сіркесуын пайдаланудың жолдары

Oinet.kz 19-05-2020 722

Әр ас үйінде ұзақ уақыт бойы қозғаусыз тұратын нәрселердің бірі – сіркесу. Оны үйде пайдаға асырудың жолдары бар ма?

image.png

1. Егер үйдегі кішкентай бала қабырғаға қаламмен жазып тастаса, таза сіркесуы оны тазарта алады.

2. Киім жуу кезінде, сабынды толық кетіру үшін шаю барысында ¼ стақан сіркесуын қосыңыз.

3. Киімнен дезодарант ізін кетіру үшін қолмен жуу кезінде ұнтаққа сіркесуын қосыңыз.

4. Киімнің түтігі шығып кетпеуі үшін, жуу алдында киіміңізді бірнеше минутқа сіркесу араласқан суға салып қойыңыз.

5. Сіркесумен шыны, айна бетін тазартуға болады. Араласпаған сіркесуын айна бетіне шашып, шүберек немесе мыжылған газетпен құрғатып, сүртіңіз.

6. Кранды да сіркесуымен тазартуға болады. Ол үшін оны бірдей шамада тұзбен араластырып, дайындаңыз.

7. Сүйелді кетіру үшін, алма сіркесуы мен глицерин араласқан қоспаны күнделікті жағып жүріңіз.

8. Жалюзилерді де сіркесу көмегімен тазартуға болады. Ол үшін қолыңызға мақтадан жасалған ақ қолғап киіп, саусақтарды сіркесуына батырып, жалюзиді сүртіп шығыңыз.

9. Линолеум, паркет, ламинаттан жасалған еденді тазалап жуу үшін, суға сіркесуын қосыңыз.

10. Қайнап жатқан жұмыртқаға сіркесу тамызсаңыз, жарылса да, ағып кетпейді.

​Еріннің жиі жарылуы және емі
100 күннің ішінде өмірді түбегейлі өзгертудің жолы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу