Мектептегі бала қайтсек мұқатуға ұшырамайды?
Буллинг сөзі ағылшын тілінен тәржімалағанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жұмыста, көшеде, қатынас барысында орын алу мүмкін. Дегенмен мектеп жасындағы жасөспірімдер арасында көп кездеседі. Ұялады. Қорқады. Өзіне жасалған теріс мәміле жөнінде ешкімге айтпайды. Баланың мектепте буллингкке ұшырағанын қалай анықтауға болады? Норвег психологы Кристин Аудмайердің кеңесімен бөлісеміз!
Психолог ешқандай баланың өздігінен «қиын бала» болмайтындығын айтады. Өмірлік ситуациялар жасөспірімнің өзгерісіне әсер етеді. Кристин балаларды қуыстануға жетелейтін фактор ретінде мына себептерді ұсынады:
Ата-ананың ажырасуы
Әдетте, ажырасу процесінде тараптар балаға қарағанда өз сезімі мен неке шартына көңіл аударады. Тасада қалған бала ауыр сезімді бастан өткереді. Ата-анасының бірге өмір сүрмейтініне өзін кінәлі сезініп қуыстануы мүмкін.
Мектеп ауыстыру
Бала мектептегі жанжалдан соң, қоныс аударғанда, беделді оқу орнына көшкенде мектеп ауыстырады. Қай жағдай болмасын балаға стресс болуы ықтимал. Ескі достарына деген сағынышы балаға жүк болады. Жаңа ортаға бейімделуде қиындықтарға тап болуы ықтимал.
Мәдени айырмашылық
Басқа елге көшкен соң тілдік тосқауыл мен мәдени кодқа байланысты факторлар бала үшін қиын сынақ болуы мүмкін. Бір халықтың әдет-ғұрпы екіншісінің әдет-ғұрыпынан мүлдем өзгеше. Бала өзі тәрбиелеген мәдени нормаларға қайшы келсе, қандай да бір іс-шаралардан тыс қалуы мүмкін.
Міндеттеу
Досыңыздың «мінсіз» ұлы, екі балаңыздың өзгешеліктерінің төңірегінде дау тудырмаңыз. Бала біреудің көшірмесі болуғ міндетті емес. Бала өзін табуы керек. Ата-ана баласының бақытты болуына тек қана көмек бере алады. Сіз өзге балалардың жетістігін айту арқылы, балаға өзін жолы болмайтын адамдай сезінуге себеп боласыз.
Дарындылық
Мектепте оқуға бейіні жоғары балаларға «ботаник», «ғалым» сынды мұқату мақсатындағы лақаптар қойылады. Бала бұл кезде ерекшеленгісі келмей, сабаққа үлгерімін төмендетуі ықтимал.
Әлеуметтік теңсіздік
Қаржылай теңсіздік мәңгілік әлеуметтік теңсіздіктің сипаты болар. Бұл жайт балаларға оңай соқпайды. Өзге сыныптастары секілді туған күн тойламау немесе жаңа iPhone-мен мақтана алмау сеілді факторларда бала өзін толыққанды сезіне алмайды.
Ерекшелік
Дене тұлғасындағы немесе жан әлеміндегі қандай да бір ерекшелік балаларды ортасынан ұзақтатады. Көшелердегі жолдан өту сызықтарындағы сары жолақ көзі әлсіз көретін адамдарға арналған. Сол секілді кей мектептерде ерекше балаларға жағдай жасалмаған. Мысалы, Брайль шрифті бар тақтайшалар жоқ.
Баланың немесе туысының сырқаты
Баланың отбасы мүшелері денсаулыққа байланысты емханаға жиі барса, бала кей сабақтарды жіберіп алатын ситуация болса қиындау. Бұл фактор баланың ортасынан бөлініп қалуына себеп болады.
Баладағы мына өзгерістерге сақ қарау керек:
Әжуалаушы адамдардың табасынан қажып жүреді. Оны балалар арасындағы әзіл деп қабылдауға болмайды;
басқа балаларға бағынуға бейім болса;
Үйге көгерген денемен не болмаса жыртылған киіммен келуін назардан тыс қалдырмау керек. Әдетте, балалар жағдайды түсіндіруден бас тартады;
Топтық жұмыстан басын ала қашады. Командалық жұмысқа тек шарасыздықтан сирек жағдайа қосылады;
құрдастары үнемі ойнап жүрген кезде ересектерге жақын болуға тырысады;
Тұрақты досы болмай, ылғи ақша яки зат жоғалтады;
ешкімге қонаққа бармайды және ешкімді шақырмайды;
нашар ұйықтайды, түсінде жылайды, тәбетін жоғалтады.
Бұзақылықты қалай болдырмаға болады?
Біз түсінуге, құндылықтарымызды тануға, кеңістігімізді қорғауға өмір сапасын арттыруға туғаннан бейім болмаймыз. Бұл шеберлікті үйрету керек. Балалар қатынасты бағамдауды үлкендердің үлгісімен қабылдайды. Өзіне ұнамсыз ситуацияда өзін ұстауды, қақтығыста зиян шектірмеуді, қудалауда өзін әділ бағалауды үйренуі керек. Балалар әділдіктің қоршаған ортада ұдайы болмайтынын, өз іштерінде де әділдіктің болуы қажетін ұғынуы керек. Баланы келіспеушілік пен сынды қабылдауға және оны орынсыз қудалаумен ажырата білуге үйрету өте маңызды.
Суреттер ашық дереккөзден алынды