Ақтөбеде бір жасар сәби көз жұмды
21-08-2020
- Қанның қою болуы адамды ауруға душар ететіні белгілі. Оны сұйылту үшін дәрігерлер үлкен кісілерге аспирин, аспирин кардио, тромбо АСС және басқа да дәрілерді ішуді ұсынып жатады. Бірақ бұл дәрілерді ұзақ ішкенде асқазан мен түрлі органдарына кері әсері болуы мүмкін. Негізі таблетканы үш ай ішсеңіз, кемінде 5-6 ай демалу керек дегенді естіп жатамыз. Мұндай кезде қан сұйылтудың табиғи әдістеріне көшу – өте тиімді әдіс. Мысалы:
- Өсімдік қоспаларынан әзірленген тұнбалар қан сұйылтуда жақсы нәтиже береді. Қанды сұйылтуға жақсы көмектесетін екі түрлі шөп бар: ол бал нәрлі хош иісті өсімдік – түйежоңышқа (донник) және ақ талдың қабығы. Екеуі де біздің елде бар шөптер. Дәріханадан алып, қолдану тәсілі бойынша дайындап ішу керек. Бұл дәрілік шөптерді үш апта ішсе жеткілікті. Төрт айдан кейін ғана қайталау керек.
- Күзгі ауруларға таптырмайтын ем саналатын мүкжидектен (клюква) компот қайнатып, соны жиірек ішіп жүрсеңіз, ағзаға күш-қуат сыйлап, иммунитетті көтересіз, қанды қоюланудан сақтайсыз. Оның тұмаудың алдын алуда да көмегі күшті деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Бұл сусын бауыр мен асқазан және ішек ауруларын емдеу үшін аса пайдалы. Тағы бір қасиеті – жөтелден құтылуға көмектеседі. Ол үшін үш мезгіл мүкжидек шырынына бал қосып ішу керек.
- Таңертең ұйқыдан тұра сала таза су ішсеңіз, талай аурудың алдын аласыз. Қанды судың көмегімен сұйылтуға болады. Жалпы адамдар өте аз көлемде су ішеді. Ал ағзада судың көлемі аз болуы қанның қоюлануына әкеп соғады. Қан сұйылту үшін адам тәулігіне 1,5 литр таза су ішу керек.
- Қан қою болса, адамның есту және көру қабілеті нашарлап, буын аурулары пайда болады. Басы ауырып, аяғы мен қолын басқаруы қиынға түсуі мүмкін. Біздің ағзамыздың 70%-ы судан тұрады. Ал ғалымдар адам бойындағы судың мөлшері небәрі 2%-ға азайса, күш-қуатымыз 20%-ға әлсірейтінін дәлелдеген. Мұндай қатерге жол бермеу өз қолыңызда.