Ұйқыңыз келгенде кофенің орнына не тұтынуға болады?
Кез-келген кеңседегі компьютердің алдындағы көпсағаттық жұмыс кісіні шаршатып, ұйқыны келтіреді. Ал осындай халден арылу үшін не істеу керек. Біз осы жайлы кеңестер топтамасын жинақтап көрдік.
1. Шоколад
Неліктен? Ол тәтті, құрамындағы қанттың мөлшері жоғары. Қант адамға екі-үш сағатқа сергектік сыйлай алатын эндофриндерді бөлуге көмек береді. "Емтихан алдында шоколад немесе бір пиала шәй ішкен жөн" деген қағида бәріміздің де есімізде болар.
2. Салқын су
Адамның суды көп ішпеуі де тез шаршауға алып келеді. Таңертеңнен көп мөлшерде су ішіп отырсаңыз, күні бойы өзіңізді сергек сезініп жүресіз.
3. Жидектер
Кез-келген жидек өте пайдалы. Ал егер таңқурай немесе құлпынай болса, тіпті жақсы. Бұл жидектер табиғи белсенділікті қалыптастырады.
4. Апельсин шырыны
Цитрус дақылдары ұйқылы ояу жүретіндерге таптырмас дүние. Шырын адамның денесін қуаттандыратын С дәруменіне бай. Ал апельсин дәмі мидың жұмысын жылдамдатады. Әсіресе, қыстың кезінде сіздің шапшаң қимылдауыңызға демеу болады.
5. Кез-келген сусынды салқын күйде ішіңіз
Салқын су туралы айтып өттік. Судан басқа өзге де сусындарды салқындатып ішіп отырсаңыз, денеңіз балғындық сезіміне бөленеді.
6. Жаңғақ
Олар пайдалы дәрумендерге толы, тіпті мидың қызметін де жақсартады. Дегенмен, оны да артық мөлшерде қолдануға болмайды. Артық энергия қажетіңізге жұмсалмауы мүмкін.
7. Көк шәй
Мұнда бәрі түсінікті. Кез-келген шәйдың құрамында кофеин болғандықтан, сізді ұйқыдан арылтады. Кофеге қарағанда шәй ішкеннен кейін жұмысыңыз нәтижелі болады. Кофенің әсері бірден білінеді, ал сосын тез жоғалады. Ал шәй кері тәсілмен әсер етеді.
8. Алма
Алма ағзаның зат алмасу үдерісін дамытатын бор элементіне бай. Аталған үдеріс жылдамдаған сайын сіздің жұмысқа деген шабытыңыз ашыла түспек. Одан бөлек алманың сан түрлі пайдасы бар. Сондықтан, алманы күнде біреуден тұтынуды ұмытпаңыз.
9. Банан
Бананның құрамында табиғи қант өте мол болғандықтан, ағзаға қуат береді.
10. Йогурт
Мұнда бар әңгіме магнийде. Көп уақытқа жететін қуат көзі осы магний элементінде жатыр. Дағдылы жүрек жалғау кезінде йогуртты пайдаланыңыз. Өзіңіз де сергек, жұмысыңыз да орынды болады.