Құранда аты аталған сарымсақтың коронавирусқа қарсы пайдасы

Oinet.kz 10-07-2020 1478

 Қазір коронавирус өршіп тұрған шақта сарымсаққа деген сұраныс артқаны бәріне мәлім. Көбіне адамдар иісі жаман болғандықтан жеуден бас тартып жатады. Алайда оның адам ағзасы үшін тигізер пайдасы қаншалықты көп екенін бірі білсе, бірі білмейді. Ендеше біз сіздерге Құранда аты аталған сарымсақтың пайдасын тізіп берейік.

img_top.jpg

  • Қатты суықтап қалған кезде сарымсақты ұсақтап турап, үстіне ыстық су құйып, сосын соның буымен дем алу керек.

  • Тіс ауырған кезде сарымсақты қабығынан аршып алып, сонымен тістің қызыл етін сүреді.

  • Сүйел шыққан жағдайда, ұсақталған сарымсақты азғантай балмен араластырып алып, әлгі жерге қалыңдап жағып, таңып тастаған жөн.

  • Радикулит асқынып кеткен кезде сарымсақ пен қара шаңбырды (черная редька) үккіштен өткізіп алып, бір-бірімен жақсылап араластырып, белге тартады. Тағы бір әдісі: ұсақталған сарымсақты жұқа дәкеге салып, қашан қыздырғанша, белге тартып байлап қояды. Сосын оның орнына май жағып, жүн матамен орап тастайды.

  • Гипертониялық аурулар кезінде қатарынан екі күн, 2-3 түйір сарымсақты ұсақтап турап алып, түнге қарай жейді. Сосын екі апта үзіліс жасап барып, осы процедураны тағы бірнеше рет қайталайды.

  • Тұмаудың алдын алу немесе ауыра қалған жағдайда емдеу үшін де күніне 2-3 рет мұрынға сарымсақтың суын тамызған жақсы.

  • Сарымсақ түрлі бактериялық инфекциялармен күреседі! Сарымсақ саңырауқұлақ инфекцияларының қаупін төмендетеді. 

  • Қан қысымын қалыпқа келтіреді. 

  • Артериялардың бітелуін және қартаюын тежейді. 

  • Рак клеткаларына қарсы күресуге көмектеседі. Антиокоагулянт ретінде әрекет етеді, қан құрамында пайда болуын алдын алады.

Қорыта келгенде, өзі бармақтай болғанымен сарымсақтың емдік қасиеті мол. Нақты қандай ауруларға ем екендігі бүгінгі күні толық ашылды. Бұндай жайттарды Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ешқандай лабораторияда зерттеу жүргізбей-ақ, уахиға сүйене отырып жеткізген. «Сарымсақты емге жаратыңыздар, онда жетпіс түрлі ем бар» деуі әрі оның бүгінгі күні толықтай дәлелденуі – Әз Елшінің тек ақиқатты ғана айтқанын ұқтыруда.

Кіндіктің сіз білмейтін қасиеті
Ақша үнемдеудің сегіз тәсілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу