Қыста терімізді қалай қорғаймыз?
Қыс мезгілі сіздің ағзаңыз үшін сынақ уақыты. Суықтық, бетті қарыған аяз, қар, жел, күннің ерте батуы. Әрине, мұндай кезде сіздің денеңіз аязға тоңғыш келеді. Неге теріміз осы мезгілде көп зардап шегеді? Бұл жағдайда не істеу керек? Әрбір, қыз-келіншек өзінің жастығын және сұлулығын мәңгілікке сақтап қалғысы келеді. Жас болып көріну үшін алдымен бет терісінің жағдайын жасауымыз қажет. Бозарған, жылтыраған тері сізді әлдеқайда жас қылып көрсетеді. Демек, жүйелі түрде күтім жасаудың маңыздылығы өте жоғары екендігінің көрсеткіші. Неғұрлым жақсы күтім соғұрлым керемет нәтиженің көрінісі.
Қажетті күтім ережелері
1. Дұрыс крем таңдай біліңіз. Дүкен сөрелерінен көптеген крем түрлерін кезіктіреміз. Қандай түрін таңдауымыз қажет? Кез келген әйелдің косметикалық қапшығында күннен қорғайтын кремі болуы керек – қысқы суық ауадан қорғайтын теріге арналған май кремі және жасыңызға лайықталған күндізгі және түнгі крем. Әрдайым кремнің бір ғана маркасын қолданудан алшақ болыңыз. Өйткені оны ұзақ уақыт бойы пайдалану ерекше нәтиже бермейді. Бұл крем жаман дегенді білдірмейді, тек сіздің теріңіз бір ғана ингредиентке үйреніп қалады.
2. Таңертеңгі және кешкі крем қолдану. Таңертең бетіңізді жылы сумен жуыңыз, себебі ыстық су теріні жұмсартады. Ал суық суға, тері қабыршақтанады. Макияжбен ұйықтамаңыз! Мұндай күтімге тері ешқашан төзбейді.
3. Бетке арналған сүлгі. Кез келген әйелде бетке арналған бөлек сүлгі болуы керек. Сапа мен материал өте маңызды. Бет сүртетін орамалыңыз табиғи және жұмсақ матадан болсын. Жуғаннан кейін бет терісін қатты сүртудің қажеті жоқ. Ақырын тигізіп, су тамшыларының қалдықтарын сүртсеңіз жеткілікті.
4. Спонж. Терінің қабыршақтанған қабатын алып тастау үшін кішкене губканы қолданыңыз. Жөкемені пайдаланған кезде, тек массаж сызығына қарай жылжытыңыз. Микробты дамытпас үшін, губканы таза ұстап, жуып, кептіруді ұмытпаңыз.
Жоғарыда аталған ережелерді күнделікті орындауды ұмытпаңыз. Бұл, ең алдымен сіздің бетіңіздің сұлулығы үшін маңызды.
Қосымша күтім
Табиғи өнімдерден жасалған маскалар. Сіз сатып алған қымбат кремге қарағанда, табиғи маскалар әрдайым жоғары бағаланады. Көкөністер мен жемістерден жасалатын маскаларды жазғы уақытта қолданғаныңыз абзал. Мысалы, қияр, құлпынай, қауын, таңқурай, асқабақ. Бұл өнімдер теріні ылғалмен қанықтырып, мықты етеді. Сонымен қатар, жұмыртқа мен балдан жасалған маскалар тиімдірек. Олар теріңізді қыз мезгілінде суықтан және аяздан қорғайды.
Бетке арналған мұз. Теріңізді жас қалпында ұстағыңыз келсе, күн сайын таңертеңгі уақытта массаж сызығы бойынша мұзбен сүртіңіз. Мұз үшін минералды суларды немесе түрлі шөптерді қолдануға болады (жалбыз, Сент-Джонның сортты лимон бальзамы, календула). Апта өткеннен кейін сіздің теріңіз серпімді болады.
Гимнастика. Оны тек сыртқы мүсініңізге ғана емес, бет теріңізді сұлу етіп көрсету үшін де жасауға болады. Гимнастика әжімдерге қарсы тұруға және оларды болдырмауға көмектеседі.
Дұрыс тамақтану. Сіздің күнделікті тамақтануыңыз теріңізге де әсер етеді. Денсаулығыңызға пайдалы өнімдердің дастархан үстінен табылуына жағдай жасаңыз. Атап айтқанда, олар – балық, жұмыртқа, көкөністер және жеміс-жидек түрлері.
Сонымен қатар, ерінге арналған күтімді де ұмытпайық. Далада суық жел соға бастағанда ең алдымен ерін зардап шегеді. Сондықтан күніне бірнеше рет ерінге арналған бальзам жағу қажет. Ол ерін терісінің сыртқы қабатының жарылып кетуінен сақтайды.
Мойынға арналған күтім
Әйел адамның жас мөлшерін мойынына қарап анықтауға болады. Мойынды сұлу көрсету үшін түрлі жаттығу түрлері мен күтім жасап тұрсаңыз жеткілікті.
Жаттығулар:
1. Мойныңызды оңға және солға қарай бұрып, иығыңыздан төмен қарай түсіріңіз.
2. Басыңызды оңға және солға қарай бүгіңіз және иыққа құлағыңызды тигізіңіз;
3. Ерніңіздің үстінде қарандаш бар деп елестетіңіз. Онымен ауаға әріптерді елестету арқылы жазып шығыңыз.
Маскалар жасаңыз:
Сіз ол үшін үйдегі дәрі-дәрмектерді немесе дайын болған құрамды пайдалана аласыз. Аптасына, бір не екі рет мойын терісіне арналған зәйтүн майын қолданыңыз. Содан кейін, мойныңызды орап, 10-15 минут күтіңіз. Уақыт біткеннен кейін міндетті түрде мойыныңызды жуып, құрғақ шүберекпен сүртіңіз. Сонда ғана керемет нәтижені көре аласыз.