Іштегі артық майдан қалай арыламыз?

Oinet.kz 17-03-2020 1710

Іштегі артық май сыртқы сұлулықты құртып қана қоймай, сонымен бірге қант диабеті және жүрек ауруларына әкеп соқтырады. Сол себептіде артық майдан тез арылу қажет. Өзіңіздегі артық майдың бар жоқтығын беліңізді өлшеу арқылы біле аласыз. Ер адамдардың белінің мөлшері – 102 см, ал әйел адамдарда – 88 см болуы қажет. Егер сізде бұл өлшемдерден жоғары болса, онда сізге тез арада артық майлардан арылу қажет. Ендеше, біз ұсынатын кеңерді пайдаланып көріңіздер.

Screenshot_1.jpg1. Қант мөлшерін төмендетіңіз және тәтті сусындардан бас тартыңыз

Тазартылған қант метаболизмге теріс әсер етеді. Денедегі сахароза глюкоза мен фруктозаға ыдырайды. Егер сізді қантты көп жейтін болсаңыз, фруктоза бауырға артық мөлшерде түсіп және оны майға айналдырады. Ал бұл бел аймағындағы сұлулыққа кері әсерін тигізеді. Тәтті сусындар адам ағзасына торт пен кәмпиттер сияқты тікелей әсер етпейді. Сондықтан оны адамдар мөлшерсіз іше береді. Алайда, олар жалпы калориялы тұтынуға айтарлықтай әсер етеді. Әсіресе, сусындар кішкентай балалардағы семіздік қаупін 60% арттырады. 

2. Ақуыздарды көп тұтыну 

Ақуыз салмақ жоғалту үшін маңызды макроэлемент болып табылады. Ол тағамға деген құмарлықты азайтады, метаболизмді тәулігіне 80-100 калорияға тездетеді және құндылығы 441 килокалорияны аз тұтынуға көмектеседі. Ақуыздар тек салмақ жоғалтуға ғана емес, сонымен бірге әдеттегі диетадан кейінгі қалыпқа келу үшін де көп көмектеседі.

Зерттеушілер ақуызды көп тұтыну іштегі майды арылтуға оң әсерін тигізетінін анықтады. Сонымен бірге, соңғы бес жылда іштің ұлғаю қаупін төмендетеді. 

Көзделген нәтижеге қол жеткізу үшін ақуыз тұтынуды 25-30% арттыру керек. Ақуыздар жұмыртқа, балықтар, теңіз өнімдерінде, жаңғақ, ет және сүт өнімдерінде көптеп кездеседі.

3. Суды көп ішіңіз

Сұйықтықтың жетіспеуі – метаболизмнің бәсендеуіне және артық салмақ жинаудың басты себебі болып табылады. Сондықтан су көп мөлшерде ішуді ұсынамыз. Көп деген тым көп мөлшерде емес, күніне 1,5 литр су ішу ағза үшін өте пайдалы. Тәтті сусындар емес, табиғи таза су ішу аса маңызды. Судың өзің іше алмасаңыз, лимон немесе алма, жалбыз дәмдерін қоссаңызда болады. 

4. Рұқсат етілген және тиым салынатын тағамдар тізімін жасаңыз

Дұрыс тамақтану үшін: 

  •  Майсыз еттер мен балықтар

  •  Көкөністер

  •  Жеміс-жидектер

  •  Ботқа

  •  Макарон (аптасына 2-3 рет)

  •  Жұмыртқа

  •  Жаңғақ (күніне 30гр)

  •  Майсыз сүтті өнімдер

  •  Ұннан жасалған өнімдер

  •  Көк шәй және қантсыз кофе

Ал, тиым салынған тағамдар тізіміне концервіленген өнімдер, кетчуп, мойонез, шұжық, торттар және басқа да зиянды тағамдар. 

5. Күніне 3 рет емес, 5 рет тамақтаныңыз

Іштегі артық майлардан арылғыңыз келсе аш жүру керек емес, керісінше, аз мөлшерде көп таматану маңызды. Әр уақытта тұтынатын тағамыңыз 200 гр аспауын қадағалаңыз. Қысқасы, күніне 3 рет емес, 5 рет тамақтаныңыз. 

6 Дене бітіміңіз үшін өзіңізге ренжімеңіз

Өкінішке орай, барша адамдар тамаққа тәуелді. Егер ондай болмағанда барлығы салат жапырағын жейтін еді. Сондықтан, өз дене бітіміңіз үшін ешқашан өзіңізге ренжімеңіз. Бұл сіздегі мотивацияны төмендетеді. 

Спортпен көп шұғылданыңыз. Кішігірім сыр: аптасына бір рет қана жегенде тұрған ештене жоқ. Ал егер фастфуд тағамдарын жегіңіз келсе, өзіңізге ненін маңызда екенін ойлаңыз: сұлулық немесе тамақ? 

Темекіні тастаудың жолдары
Үй жағдайында антисептикті қалай жасай аламыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу