Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Жүкті әйелдің ағзасы дәрумендерге мұқтаж. Ана мен болашақ баланың денсаулығы үшін пайдалы дәрумендерді уақытылы тұтыну аса маңызды. Егер жүкті әйелдің тамақ мөлшері қажетті дәрумендерді тұтынуға жетпесе, дәрігерлер арнайы қосымша дәріханадан дәрі-дәрмектер ұсынады.
Жүктілік кезіндегі дәрумендерді қабылдау ерекшеліктері
Алғашқы үшайлықта B9, E, C, A дәрумендері әрі йод пен кальций маңызды рөл атқарады. Екінші үшайлықта темір, йод және кальций бар дәрілер жиі тағайындалады. Ал үшінші үшайлықта А, С және Д дәрумендерін қабылдау аса маңызды.
Дәріхана өнімдері дәрігердің нұсқаулығы бойынша қабылданады. Ал егер белгіленген дозадан асқан жағдайда жүкті әйелдің ағзасы үшін аса зиянды болып табылады.
Алдымен қандай дәрумендер қажет?
Пайдалы дәрумендерсіз толық жетілген дені сау баланы өмірге әкелу мүмкін емес. Жүктілік кезіңде аса маңызды орын алатын дәрумендер бар. Соларды уақытылы қолдану арқылы денсаулыққа оң әсерін тигізеді.
Дәрумен В9 (фолий қышқылы)
Бұл дәруменді жүктілікті бірнеше апта алдын жоспарлау уақытында қабылдау үшін беріледі. Өйткені ол клеткалардың бөлінуіне және генетикалық ақпараттың берілуіне қатысады. Әсіресе, фолий қышқылын жүктіліктің ерте кезеңінде қабылдау маңызды. Дәрумен жолдастың жақсы дамуына, ұрықтың дұрыс орналасуы үшін аса маңызды. Оның жетіспеуі баланың жүйке-жүйесінің зақымдануына және ерте түсік тастауға әкеп соқтыруы мүмкін. Күнделікті доза - 0,4-0,8 мг.
Дәрумен Е (токоферол)
Әйел адамның бойындағы гормондарды ретке келтіреді және түсік тастау қаупін төмендетеді. Терінің жақсы тыныс алуы мен плаценттаның қалыптасуына ықпал етеді. Күнделікті тұтыну мөлшері – 15 мг.
Дәрумен С (аскорбин қышқылы)
Иммундық жүйені нығайтады, болашақ ана мен баланың денесін вирустардан қорғайды. Витамин темірдің сіңуіне, плацентаның түзілуіне, сүйек пен шеміршектің дамуына аса қажет. Тәуліктік мөлшері 95 мг құрайды.
Дәрумен А (ретинол)
Бұл дәрумен көру қабілетіне, жүйке жүйесі мен сүйектің қатаюына жәрдемдеседі және жасушалардың бөлінуіне де қатысады. Әсіресе жүктіліктің алғашқы және соңғы айларында балаға аса қажет. Бұл дәруменді жүктілікті жоспарлаудан бірнеше айдан алдын қолдану тапсырылады. Күнделікті мөлшері – 2500-3300 мг.
Дәрумен D3 (холецальциферол)
Рахиттың(мешел) алдын алады, кальций мен фосфордың сіңуіне қамтамасыз етеді. Бала сүйегінің қатаюына аса маңызды. Әрі жүрек-қан тамыр жүйелеріне де өз оң әсерін тигізеді. Болашақ аналар үшін күнделікті тұтыну мөлшері – 400 мг.
Тағам – қоректік заттардың негізгі көзі. Жүкті әйел дәрумендерді қолданар алдында міндетті түрде өз дәрігерімен ақылдасқаны дұрыс.
Жүкті әйел адамдар үшін қажетті дәрумендерге бай өнімдер:
дәрумен В9 (бауыр, брюссель қырыққабаты, қарақұмық, сұлы, спаржа, шпинат, жасымық, бұршақ, тартылған ұн және сүзбе)
дәрумен Е (итмұрын, жасыл салат, өсімдік майы, шпинат, бауыр, жұмыртқа, ақжелкен)
дәрумен А (рябина, сәбіз, қызыл тәтті бұрыш, шырғанақ, өрік, итмұрын, қызанақ)
дәрумен С (қарақат, цитрус жемістері, киви, көкөністер, тәтті бұрыш, құлпынай, сәбіз, қырыққабат)
дәрумен D3 (күн сәулесі, теңіз балығы, бауыр, жұмыртқаның сарысы, сүт, май)