Асүй ханшайымдарына арналған

Oinet.kz 05-02-2020 1018

Біздің әрқайсысымыздың күнделікті өмірге, үйге, асүйге қатысты өзіміздің кішкентай құпияларымыз бен амалдарымыз бар. Әдетте әр қожайынның өз құпиясы болады. Кейбірі оны өзгелерге де пайдасын тигізу үшін айтса, кейбірі ашкөздік танытып, құпия тек өздеріне тиесілі деп сенеді. Сізге менің үй шаруасындағы әйелдерге арналған пайдалы кеңестерімнің тізімімен танысуға кеңес беремін.

4ea84d11a5b51adb.jpg

1.Әрқайсысымыздың үйіміздегі терезе жақтауында бөлме өсімдіктері немесе жатын бөлмеде адамның бойымен сәйкес лимон ағашы өсіп тұрады. Мен неге үй өсімдіктері жайлы айтып тұрмын? Сіз кортап пен макарон қайнатқан судың пайдалы жағын ойлап көріп па едіңіз? Енді осы қайнатылған сумен өсімдіктерді біраз уақытқа суғарып, кейіннен төгіп тастаңыз. Мұндай судың құрамында тұздар мен қоректі заттар өте көп. Осыдан кейін гүлдер мен кез келген өсімдіктерді қауіпсіз суғаруға болады.

2.Сіздерде бұл оқиғаның болғанына мен сенімдімін. Кейде ыдыс-аяқты жуып жатып кенеттен, сұйықтық бітіп қалады. «Бұл кезде не істеу қажет?» деп менен сұрайсыздар. Шешімі бар, әрине. Бұл өмірде шешілмейтін ештене жоқ. Жылы суға азғана сіркесуы мен тұзды қосып, жұмысыңызды әрмен қарай жалғастыра беріңіз. Бұл әдістен кейін сіздің мөлдір ыдыстарыңыз бен стакандарыңыз, құмыраларыңыз тазаланып, жарқырап шыға келеді.

3.Егер сіздің асүйіңізде жылтырын жоғалтып, кірленген алюминий кастрюльдер бар болса, онда келесі кеңес сізге арналған. Кастрюльге картоп қабығын, аршылған алма немесе сірке суының ерітіндісін қосып қайнатыңыз. Әп-сәтте кастрюліңіз жарқырап шыға келеді.

4.Ас үйде көптеген тұрмыстық техникалар бар. Бұлар біздің шаруамызды едәуір жеңілдетеді. Тоңазытқыш – барша өнімдерді сақтайтын орын. Микротолқынды пештер мен газ плиталары арқылы осы өнімдермен тамақ дайындаймыз. Бірақ үй шаруасындағы әйелдердің көпшілігі асүй аспаптарын, пышақ пен қасық сынды маңызды элементтерді ұмытып кетеді. Бұл элементтердің бір ерекшелігі бар. Ерте ме кеш пе олар түтіккен болады. Қайшылар мен пышақтарды өткірлеу оңай болу үшін заттарды 25-30 миннутқа әлсіз тұзды ерітіндіге салып қойыңыз. Белгіленген уақыт өткеннен кейін оларды сүртпей, өткірлей бастаңыз. Егер сіз пышақтарды жақсылап өткірлеп алсаңыз, сізде керамикалық пышақтарды қолдануға уақыт болмайды. Есіңізде болсын, керамикалық пышақтар сынғыш келеді.

5.Келесі кеңес еттартқышты жиі қолданатын жандарға арналған. Қолданғаннан кейін еттартқышты мұқият әрі таза жуу үшін бірнеше шикі картопты өткізіңіз. Жуған соң еттартқышты әртүрлі жылу көздерінде кептіруді ұсынбаймыз, бұл әрекеттер пышығынын өтпеске айналуына әкеп соқтырады. Жәй ғана құрғақ матамен жақсылап сүртіп, бірнеше уақытқа қойып қойыңыз. Сонда еттартқышыңыз ұзақ уақыт тоқтаусыз жұмыс жасайды.

Көз не үшін тартады?
Адам қартайғанда неге өкінеді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу