Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Жүктілік кезінде. Ана мен бала үшін кофе зиянды болуы мүмкін. Сондықтан жүкті болсаңыз, одан бас тартуыңызға тура келеді. Кофеин жүйке жүйесінің мықты стимуляторы болғандықтан, ағзадағы кальций метаболизміне әсер етуі мүмкін. Ал бұл өз алдына балаға әсерін тигізеді. Себебі кофеин қан тамырларын тарылтып, баланың тамақтануына бөгет болады. Кофеиннің тек кофе емес, газды сусын, шоколад, кейбір дәрі-дәрмектердің құрамында да бар екенін ұмытпаңыз. Сатып алатын тағам, дәрінің құрамын оқуға ерінбеңіз.
Түнде ұйықтамасаңыз. Кофеге салғырт қарамаңыз «Кофе ұйқыны ашады» деген қағидамен 2 шыны кофе ішу сіздің жағдайыңызда – үлкен қателік. Себебі, кофе мүлдем ұйықтамаған адамның жүйке жүйесін әлсіретеді. «Уды у қайтарады» демекші, бұл мәселені шешу үшін тынығып демалу керек.