Табиғат аясында сейіл құрсаңыз

Oinet.kz 05-12-2019 1047

3 ай жаздың қызығы – табиғат аясында туыстармен не достармен бас қосып демалу. Көкке шығудың да өз талаптары бар. Сіз оны білесіз бе? 

1.Өзіңізбен бірге қолшам мен пышақ алып жүріңіз.

Серуен кезінде табиғатты қызықтап тобыңыздан жырақ кетсеңіз, бұл екі затты тастамаңыз. Айналаңызға сақтықпен қараңыз. "Қатер аяқ астында" екенін ұмытпаңыз. 

Screenshot_12.jpg

2. Шатырды судың жанына тікпеңіз. 

Көлшіктің жағасы салқын болады деп оның қасына шатыр құруға болмайды. Бір-ақ түнде судың деңгейі жағасынан көтеріліп, құрған шатырыңызды шайып әкетсе, не сіздерге жақындап қалса... Оған қоса, тіршіліктің жылан секілді қауіпті иелері судың маңайын торуылдап жүруі мүмкін. Қауіпсіздік шараларын алдын-ала ойлап қойыңыз.

3. Оттан абай болыңыз! 

Алау от үлкен өртке себеп болады. Ол үшін сәл шұңқыр қазып, отты соның ішінде жағуға тырысыңыз. Әрі от желдің әсерінен сөніп қалмауы үшін осы әдісті қолданғаныңыз абзал. Абай болмасаңыз тілсіз жаудың үн-түнсіз келіп, бәрін жалмайтыны белгілі.

4. Жануарлардан алыс жүріңіз! 

Жануарлар мекендейтін қауіпті жерлерге жақындамаңыз. Айдалада олардан тасаланатын орын таппай қалуыңыз мүмкін. Қасқыр секілді азық таппай жүрген жыртқыштарға жолықсаңыз қиын болады. Өзіңізге таныс, бұрындары барып, көріп жүрген орындарға барыңыз.

5. Құрғақ ағаштарды жинаңыз! 

Жерде жатқан талдарды жинар кезде, оның құрғақ не дымқылдылығына көңіл бөліңіз. Егер таппасаңыз, қурайларды сындырып, жинаңыз. Болмаса, оларды өзіңізбен бірге ала шығыңыз. Себебі, отты жағу үшін құрғақ ағаштар керек. 

6. Карта не компасыңыз жаныңызда жүрсін! 

Жолда келе жатып әңгіменің буымен басқа бағытқа түсіп кетсеңіз, бұл заттардың көмегі көп тиеді. «Ұялы телефонымда бар ғой» деп, оған сеніп қалмаңыз. Телефонның қуаты таусылып қалуы мүмкін. Карта мен компас бағытыңызды айқындап, сізді қиындықтан алып шығары сөзсіз. 

7. Білмейтін заттарды тұтынбаңыз! 

Жаз – жидектер пісіп, төгіліп тұратын мезгіл. Жол-жөнекей өтіп бара жатып қып-қызыл жидектердің өсіп тұрғанын аңғаруыңыз мүмкін. Олардың кейбірі улы болады. Гүлдер, шөптерді жинар кезде де сақ болыңыз. Олардың ішінде теріге жағымсыз әсер тудыратындары бар. Әсіресе, балалар қызылды-жасылды дүниелерге қызыққыш болғандықтан, оларға да ескертіп қойыңыз. 

8. Бұлақ басынан су алар кезде мұқият болыңыз. 

Судың тазалығына аса мән беріңіз. Мүмкін болса, ішетін суды өзіңізбен бірге ала шыққаныңыз дұрыс.

Түркиядағы үздік 5 қосымша
Жолдағы дәрі-дәрмек қалтасында не болу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу