Ұн да май да шығарады
Жібек жолы ауылында жеке кәсіпкер Урумбеков Мирполаттың жеке қаржысы есебінен «Умирбеков» өсімдік майын өндіретін цех жұмыс істейді. Онда ауыл шаруашылықтың табиғи таза өнімдерінен мақта және мақсары майларын өндірумен айналысады.
Тазартылған және иіссіздендірілген түрінде шығарылатын өсімдік майлары 4,5 және 5 литрлік көлемдегі пластикалық ыдыстарда шығарылуда. Өндірілген өнімдерді өткізу нарығы бойынша Түркістан облысы, Шымкент қаласы және Сайрам ауданының сауда орындарына шығарылуда.
Аталған цех қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Өсімдік майын дайындауға және сапасын тексеруге арнайы зертхана бөлмесі жұмыс істеуде. Жеке кәсіпкер осы кәсібіне 37 миллион шамасында қаржыны жұмсаған.
агроөнеркәсіптік кешенде күніне 35 тонна ұн өнімін шығаратын диірмен дебар. Жоба құны 370 миллион теңгені құрайды. Кәсіпкер өз есебінен диірменнің жұмысын жүргізіп, қазіргі таңда облыс және аудан аумақтарына «Жібек жолы» сауда маркасымен 50 килограм және 25 килограммен қапталған жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұны өнімдерін сатылымға шығаруда.
Шикізаттарды жергілікті дәнді-дақылдар және мақсары егетін шаруа қожалықтарынан сатып алып отырады. Бидай және ұн-май өнімдерін сақтайтын арнайы қоймалары да қарастырылған. Жергілікті 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Мамандардың мәліметінше 2024 жылғы 1-қаңтарына ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 22294 бірлікті немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 3080 бірлікке немесе 116 пайызға артқан. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік саны 21820 бірлікті немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 3072 бірлікке немесе 116,4 пайызға артқан. Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі – 97,9 пайызды құрап отыр.
Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында жұмыспен қамтылғандар саны: 30420 адамды құрады 2022 жылдың тиісті кезеңіне 4486 адамға артқан немесе өсім 117,3 пайызды құрады. Оның ішінде: заңды тұлғаларда - 6220 адам; орта кәсіпорындарда 1552 адам; жеке кәсіпкерлер – 13579 адам; шаруа қожалықтарында – 9069 адам жұмыс істейді. Аудан халқының 13,1 пайызы шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған.
Есепті мерзімде салада 1521 кәсіпкерлік субъектілері іске қосылып, 1986 жұмыс орны ашылған.
Былтырғы жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің өндірген өнім көлемі 202,5 миллиард теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңіне (138,8 миллиард теңге) 145,9 пайызға артқан.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері есебінен түскен салық көлемі 10,2 миллиард теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 132 пайызды құрап отыр.
Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауданның 6919 кәсіпкері 7513,9 миллион теңге көлемінде несие алған. Оның ішінде: «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 64 жоба – 1781,5 миллион теңге; «Агро несиелік Корпорациясы» АҚ арқылы 22 адам - 219,0 миллион теңге; «Ырыс» МКҰ арқылы 35 кәсіпкерге - 114,8 миллион теңгеге қолдау көрсетілген.
Микрокредиттік ұйымдар арқылы 6798 адам - 5,9 миллиард теңге көлемінде несие алған.