Саңырауқұлақ кәсібін алғаш бастаған кәсіпкер

Oinet.kz 13-11-2024 4

image.png

Сайрам ауданында  жеке кәсіпкерлік қанатын кеңге жайып келеді. Уақыт озған сайын заман талабына сай кәсіп түрлері көбейді. Әсіресе, кәсіп бастауға ынталылардың өнім өндіруге ықыласы ерекше екені көңіл қуантады. Бұл да болса нарықта өзіміздің өнім қатарын көбейтетіні сөзсіз. Бүгінде кәсіп ашсам дейтін жандардың қатары аз емес. Бұл еліміздегі кәсіпкерлік саласына жасалағн қамқорлықтың нәтижесі. Шынында, кәсіп бастағанға да, кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерге де мемлекет тарапынан қолдау көп. Кәсіпті демейтін түрлі бағдарламалар мен қайтарымсыз қаржылай қолдаудың нәтижесінде кәсіп түрі де көбейді. Тіпті, қайтарымсыз қаржы алып тігін цехын ашқан, сұлулық салонын кеңейткен, сабын шығарып, етік тіккен де, жылыжай жұмысын жүргізгендер де, құрылысқа қажетті материалдар шығаруды қолға алғандар да, кондитерлік цех қатарын көбейткендер де аз емес. Мұның барлығы кәсіпті қолдаудың нәтижесі екені сөзсіз.

Ал енді сөз еткелі отырған кәсіп тіпті ерекше. Сайрам ауданының  тұрғыны Ақжол Қоңқабаев  ешкім бастамаған ерекше кәсіпті қолға алып, осыдан бірнеше жыл бұрын бұл іске білек сыбана кіріскен. Алғаш естігін кезде тосырқап қалатынымыз жасырын емес. Себебі саңырауқұлақ дегенге қазақ соншалықты құмарта бермейтіні белгілі. Дегенмен бүгінде саңырауқұлақтан жасалған салаттан ешкім де бас тартпайтыны белгілі. Мейрамханалар саңырауқұлақтан әзірленетін тағам даярлау үшін бұл сұранысқа ие. Ал бұл бізге сырттан келетіні белгілі. Демек жаңа кәсіп бастаған Ақжолдың бұл кәсібі оның ерлігі десек те артық айтқандық емес. Сонымен, сайрамдық  Ақжолдың саңырауқұлақ өсіру кәсібін қалай қолға алғанын баяндайық.

Түркістан облысында, әсiресе, жылыжай шаруашылығын дамытушылар көп. Қысы-жазы дастарқанымыздан қызанақ пен қиярды үзбеудi мақсат тұтқандарды өңiр халқы әбден-ақ танып алды. Жылыжайдың да сан түрi болады екен. Тiрлiктiң тамырын басқандар қай түрiнiң пайдасы көбiрек екенiн талдап үйренген.  Қозықұйрық өсірумен айналысатын Ақжол Қоңқабаев бұған дейiн мемлекеттiк қызметте iстеген ол бизнестiң қыр-сырын бiрден меңгере қоймады. Содан да болар, мемлекеттiк қызметтен кәсiпкерлiкке ауысқанда, елде жоқ таңсық кәсiп – саңырауқұлақ өсiрудi қолға алғанда көп қиындықты бастан өткердi.

Тiлiмiзге тиек болып отырған – Сайрам ауданы, Ынтымақ ауылындағы «Green-Adis» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң саңырауқұлақ жылыжайы. Мұнда өсiрiлетiн саңырауқұлақтың табиғатта өсетiн түрiнен айырмашылығы жоқ десе де болады. Адам ағзасына беретiн дәруменге бай өнiмнiң дәл осы сұрпына (сорты) сұраныс жоғары. 

– Жылыжайды салып, саңырауқұлақ өсiретiн 12 бөлменi арнайы жабдықтадық. Дегенмен, алғашқы кезде өсiмдiктiң бұл түрiн баптайтын маман табу қиын болды. Маманмын деген бiрнеше адамның сөздерiне сенiп қалдық, – дейдi А.Қоңқабаев.

Табыс оңайлықпен келмейдi. Ақжол бастаған кәсiптiң нәсiбiн көруде жұбайы Феруза Кәрiмова бизнесте де сенiмдi серiгiне айналды.

Әр үш ай сайын өнiм алатын саңырауқұлақ жылыжайы жылына 200 тонна тауарды Қазақстанның түкпiр-түкпiрiне жөнелтедi. Бастапқыда қорап-қорап саңырауқұлақты Шымкенттегi қалааралық автобекеттерден Қарағанды, Алматы, Астана бағытындағы автобустарға өздерi апарып тиеп, әсiресе, солтүстiк облыстарға жөнелтiп келген ерлi-зайыпты кәсiпкерлердi кейiнгi кезде арнайы iздеп келiп, тапсырыс беретiндер, өздерi келiп алып кететiн тұтынушылар көбейген.

– Саңырауқұлақ – мейрамхана, дәмхана бизнесiн дамытып отырғандар үшiн үлкен сұранысқа ие тауар. Менiң кафеме келетiндердiң көбi саңырауқұлақ қосылған салатқа тапсырыс бередi. Салаттан өзге де көптеген тағамдарды саңырауқұлақ қосып жасасаңыз дәмдiрек болады емес пе? Өз клиенттерiмдi жоғалтып алмас үшiн базардан үнемi саңырауқұлақ iздейтiнмiн. Сырттан тасымалданатын, шетелдерден келетiн түрлерi онша ұнай бермейдi. Оның үстiне тез бүлiнiп кететiндерi бар. Ал, консервiленген шампиньондарды тамақты талғап жейтiндер ұната бермейдi. Осындай қиындықтарға тап болып жүргенде өзiмiзде, Сайрам ауданында саңырауқұлақ өсiретiн жылыжай ашылғанын, бiз сонау шетелден алдыртып отырған шампиньонның өзiмiзде де өсiрiлiп жатқанын естiп шын қуандым. Iздеп барып, келiсiмге отырдым. Дайын өнiмдi жеткiзiп берiп тұрады. Бұрынғыдай базарлап, саңырауқұлақ iздеп әуреге түспейтiн болдым. Кәсiпкерлiкке ден қойғандар ауыл шаруашылығы саласында сұранысқа ие осындай өнiмдердi өндiрумен айналысқанын құптаймын, – дейдi жеке кәсiпкер Ақмарал Мырзахметова.

Әр терім науқанында 50 тонна қозықұйрық жиналады. Егілген жердің әр шаршы метрінен 20-25 келіге дейін өнім алуға болады. Польшалық әдіспен өсіріліп жатқан қозықұйрық ұрығы құнарлы топыраққа себілмес бұрын астына сабан төселеді. Мұнан соң оның үстіне керамзит төселіп, егіле бастайды. Күңгірттелген бөлмеде өсірілетін өнімнің мол болуы үшін температураны бірқалыпты басты ұстау қажет. Ол үшін бөлме ауасы 16-17 градус жылы болуы қажет. Өнім толықтай пісіп шыққанда қалпақшалары кәдімгідей жұмыртқа секілді ісінеді.

Қалыпты температураны қатаң сақтай отырып, балаша мәпелеудi қажет ететiн саңырауқұлақты өсiрудiң қыр-сырымен бөлiскен маман, серiктестiктiң бас технологы Рашид Сейдалиевтiң айтуынша, бiр камерадан кем дегенде 10 тонна өнiм алынады екен. Ал, жоғарыда айтып өткендей «Green-Adis» серiктестiгiнде осындай өнiм беретiн 12 камера бар.

– Тұқымын шетелден алдыртамыз. Алдын ала дайындалған арнайы топыраққа егiлген соң 16 күн камерадағы температураны 25 градуста ұстаймыз. 16 күннен кейiн температураны 14 градусқа түсiрiп, бiртiндеп үш күнде азайта бастаймыз. Осылайша өскiндi 14 градуста бiр жұма ұстаймыз, сосын температураны қайта көтерiп, 21-22 градус арасында ұстағанда саңырауқұлақтар топырақ бетiне аппақ болып өсiп шығады. Саңырауқұлақтарды сақтайтын жеріміз бар. Жағдай жасалған. Бұнда улану деген болмайды қолдан егілген соң.  Бұл жағынан өзінің сертификатымен келеді. 100 пайыз одан улану болмайды", – дейдi Р.Сейдалиев. Егін жайдың іші толықтай неміс технологиясымен жабдықталған. 

Айта кету керек, саңырауқұлақтың адам ағзасына тигiзер пайдасы да көл-көсiр. Әсiресе, мақтаның шитi, масақты дақылдың кебегiне өсiрiлген түрiнен гөрi, кәсіпкер өсiрiп отырған табиғи қалыпқа тым жақын түрi пайдалырақ екенiн дәрiгер мамандар да айтуда.

Ақуыз бен көмiрсутегiге бай саңырауқұлақтың құрамында РР, Е, Д, В дәрумендерi мол. Ал, бұл өз кезегiнде бүгiнгi қоғамда жиi кездесетiн күйзелiстiк жағдайдан туындайтын қант диабетi, жүрек талмасы сияқты дерттердiң алдын алатыны даусыз.

Жалпы, қозықұйрық тұқымдастарын зерттеушi ботаник-микробиолог ғалымдар бұл өсiмдiктiң әлемде екi миллионға жуық түрi барын айтады. Соның тек мыңға жуық түрi ғана адамзат үшiн жеуге жарамды екен.

Онсыз да көктемде найзағай ойнап, жауын жауысымен Бәйдiбек пен Қазығұрт аудандарының қыр-қыраттарын қаптай жөнелетiн табиғи саңырауқұлақ та талайлардың саудасын қыздырып, көптiң дастарқанына сән берiп жүрген. Ал, сайрамдық Ақжол Қоңқабаев саңырауқұлақты жыл он екi ай бойы тұтынуға жол ашып отыр. 

"Біз өсіріп жатқан қозықұйрық қараймайды. Ол шетелдік мамандардың арнайы зерттеуінен шыққан. Өнімге толық кепілдік бар. Себебі оның ұрығын әлемдік ғалымдар мақұлдаған. Қондырғылар мен жылыту жабдықтарын Польшадан алып келгенбіз",- дейді кәсіпкер Ақжол Қоңқабаев. 

Оны кәсiпкерлiктiң бұл түрiмен өңiрiмiзде айналысып отырған жалғыз адам деуге де болмас. Саңырауқұлақтың дәл осы түрi болмаса да қозықұйрық тұқымдасының тағы бiр түрiн өсiрудi тағы да сол сайрамдық кәсiпкер Василий Бабенко қолға ала бастаған. 

Қалай болғанда да өңiрде ауыл шаруашылығы саласында тыңнан түрен салғандардың қатары көбейе түстi. Дайын өнiмдi алып-сатудан арылып, ел егiн салып, сұранысқа ие азық-түлiк түрлерiн өсiре бастады. Саңырауқұлақтың да жетi атасын өсiруге машықтанып-ақ келедi. Бәрi де елдiң игiлiгi үшiн.

Облыста қозықұйрық өсіруде ең алғашқы ір жоба болып табылатын ферманың жылына 60 тоннаға дейін қозықұйрық өнімдерін өндіріп алуға мүмкіндігі бар. Агроөнеркәсіптік кешен жеке кәсіпкер Н.Шәріпбектің жеке қаржысы есебінен 500 миллион теңгеге қаржыландырылған. Жылына орташа өнімділігі бойынша 200 тоннаға жуық қозықұйрықты өсіріледі. Қозықұйрықтың А15 сортын өсіріп шығаратын ферма тұқымды Голландия елінен әкеледі. Оны қолдан әдейі шіріткен бидай сабанына отырғызады. Осылайша, тұқым бір жұма бойына 60 градус ыстық жерде тұрады. Нәтижесінде саңырауқұлақтың өсіп-жетілуіне кедергі келтіретін зиянды микробтар жойылады. Мұнда егілген қозықұйрық үш айда дайын болады. Яғни, шаруалар жылына 4 рет өнім егіп ала алады

Жылыжай 1,5 гектар аумағына орналасқан 12 бөлме қозықұйрық өсіру үшін жабдықталған. Оның 3 бөлмесіне 600 қап қозықұйрықтың жергілікті сұрыптары егіліп, айына 5 тоннаға дейін өнім жиналуда. Жеке кәсіпкердің сөзінше, күніне 1 тоннаға жуық қозықұйрық өнімдері шығарылады. Серіктестікте 11 адам жұмыспен қамтылған. Өнімдері Қарағанды, Алматы, Шымкент қалалары және Сайрам ауданынан сұранысқа көп ие. Ферма басшылығы бұл кәсіптің түрін Польша еліндегі әріптестерінен үйренгенін айтады.

Қозықұйрықтар жеуге жарайтын басқа саңырақұлақтар сияқты құнды ақуыздарға, көмірсулар мен органикалық қышқылдарға бай. Сонымен қатар  құрамында  PP, E, D, B  дәрумендері, жүрек-қан тамырлары жұмысына жайлы әсер ететін кальций, магний, мырыш бар. Саңырауқұлақтардың көптеген түрлері адамның иммундық жүйесін нығайтады.

Саңырауқұлақтар негізінде судан тұрады (көкөністердің құрамында қанша су болса, оның құрамында сонша су бар), сондықтан олар төмен калориялы. Саңырауқұлақтар дене массасын азайтуды қалайтын адамдар үшін жақсы. Саңырауқұлақтар өздері өсетін топырақтың минералдарға бай болуына не болмауына байланысты, бізге минералдық тұздардың шамалы мөлшерін береді. Сонымен қоса, олардың құрамында каротин түріндегі A дәрумені, сондай-ақ елеулі мөлшерде B1, B2 дәрумендері бар. Қалған дәрумендер аз мөлшерде болады. Саңырауқұлақтардағы микроэлементтердің арасында калий, фосфор, кальций және темір басым болады, олар негізінде қатпарлы табақшаларда және түтіктерде болады. Сондай-ақ саңырауқұлақтар нәруыздың көзі, ол саңырауқұлақтардың ауыр қорытылуынан тек 60%-ға сіңіріледі. Сүт өнімдеріндегі, еттегі және жұмыртқадағы нәруыздың құрамына қарағанда, саңырауқұлақтардағы нәруыздың құрамының құндылығы төмен, бірақ сәбіздегіге қарағанда жоғары болады.

Сонымен қатар, ғалымдар саңырауқұлақтардың адамның терісі сияқты дәрумендерді ультракүлгін түспен сәулелеу арқылы өзгеріске түсу қасиеті бар екендігін анықтады. 

Бұндай қасиеттерін саңырауқұлақтар тіпті жұлынып алынғаннан кейін де сақтайды. Осылайша, ғалымдар саңырауқұлақтың адамның иммунды жүйесіне өте пайдалы екендігін анықтап отыр, өйткені олар ағзаның кальциді жақсы сіңіріп, тіс пен сүйектердің қатаюына ықпал етеді.  Ғалымдардың зерттеулеріне 36 ерікті азамат қатысқан. Олардың бір тобы бірнеше ай бойына күн сайын 2 мың дана D дәруменін қабылдап отырған. Екінші топ күн сәулесіне қақталған саңырауқұлақ үгіндісін пайдаланған.

Зерттеу аяқталған соң екі топ мүшелерінің де ағзаларында D дәруменінің көлемі бірдей болғандығы анықталды. Қорыта келгенде, саңырауқұлақтар қандай жағдайда болмасын өздерінің қасиеттерін сақтап қаладындығы белгілі болды. Бұл көкөністер мен өзге де азықтарда өте сирек кездесетін жағдай.  

Серіктестік енді жылыжай аумағын 5 гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Сондай-ақ, саңырауқұлақ тұқымын өндіретін арнайы  орын салу да жоспарда бар. Шаруалар бұл тірліктің үдесінен шықса, шампиньон тұқымын қазіргідей шетелден сатып алмайтын болады. 

Бір басында үш кәсібі бар
Ұн да май да шығарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу