Бір басында үш кәсібі бар

Oinet.kz 21-11-2024 238

image.png

Жеңіл өнеркәсіп өндірісі – еліміздің экономикасының дамуына едәуір үлес қосатын маңызды саланың бірі. Ең бастысы халықтың әлеуетін көтеретін бұл саланың өніміне деген сұраныс жыл сайын көбеймесе, азаймай тұр. Яғни, жеңіл өнеркәсіпке сұраныс азық-түліктен кейін екінші орында тұр. Халықтың күнделікті тұтынатын киім-кешегінен бас¬тап, сырт киім, аяқ киім өндіретін, елдің мұқтаждығын қамтамасыз ететін сала. Аталған саланың да міндеті – адамдардың сұранысын сапалы өніммен қамтамасыз ету. 

Осы орайда Түркістан облысы Сайрам ауданында соңғы жылдары жеңіл өнеркәсіп айтарлықтай дамып келеді. Әсіресе Қазақстан нарығын импорттық тауарлар басып алған киім-кешек өндірісінде серпіліс бар. Қазіргі таңда ауданда ірілі, ұсақты көптеген тігін фабрикалары жұмыс істеуде. Өнімдері шетел асып жатпаса да ішкі нарыққа жөнелділуде.  

Қарабұлақтық Ибрагимова Ферузаның жүргізіп отырған жеке кәсібіне өз есебінен 120 миллиоанға жуық қаржыны жұмсаған. "ALLIANCE IMPEX" тігін цехы, дәріхана және автожуу секілді тұтынушыларға қызмет көрсету орындарын ашқан.

Кәсіпкердің тігін цехы ажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Онда 56 жаңа жұмыс орнын ашып, жұмыссыздарды жұмыспен қамтыған. Қызметкерлер үшін арнайы асхана бөлмесі де бар. Жеке кәсіпкердің сөзінше, тігін цехына түрлі киім үлгісін тігуге тапсырыстар күн сайын артуда. Бүгінгі таңда, ақ жейделер, медициналық және өзге де мекеме қызметкерлерінің киім формасына тапсырыстар қабылдап, мерзімінде маталарды пішіп, тігіп шығару қажеттілігін түсіндірді. Тігінші мамандығын меңгерген, екі ауысыммен жұмыс істейді.

Айта кетейік,  елімізде ағымдағы  жылдың бірінші жартыжылдығында жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 95,7 миллиард  теңгені құрады. Киім өндірісі секторы оң динамиканы көрсетті, өсім — 11,5 пайызды құрап отыр.

Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорты 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында $67,3 миллионға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 69 пайызға артық. Негізгі экспорттық тауарлар арасында трикотаж өнімдері, майкалар, жейделер, сөмкелер мен қаптама пакеттер бар. Ресей, Түркия және Қытай негізгі өткізу нарықтары болып қала береді.

Жеңіл өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестиция көлемі 6 айда 4,2 миллиард  теңгені құрады. Киім өндірісіндегі инвестициялар 6,7 есе – 1,3 миллиард теңгеге дейін өскені байқалды, тері және тері өнімдері өндірісіндегі инвестициялар 3 есе – 94 миллион теңгеге дейін артты.

Елімізде жеңіл өнеркәсіпті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылатынын белгілі. Ірі өндіріс орнында ел-жұрт тұтынатын киім-кешек өндіріліп, нарықты қамтамасыз етсе, сыртқа кетіп жатқан миллиардтаған қаражат ел дамуына, еңбек адамдарының жалақасын көтеруге жұмсалатын еді. Жеке кәсіпкерліктің қолына кеткен өндіріс орындарының жұмысын ұлғайту және мемлекет тарапынан қолдау көрсету арқылы жеңіл өнеркәсіптің алдындағы кедергілерді жоюға мүмкіндік болады.

Тыңнан түрен салған жігіт
Саңырауқұлақ кәсібін алғаш бастаған кәсіпкер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу