Сайрамда 1521 кәсіпкерлік субъектілері іске қосылған

Oinet.kz 11-10-2024 18

image.png 

Сайрам ауданы - Түркістан облысындағы ең кіші аудандардың бірі болып саналады. Аудан орталығы - Ақсукент. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 1,1 мың км² (облыстың 0,9%). Халқының саны 231,9 мың адам (2023). Өңірде кіші және орта кәсіппен айналысатын азаматтар саны жыл сайын артуда. Басым көпшілігі мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен ісін бастап жатыр. Кәсіп ашамын, кәсібімді одан әрі кеңейтемін деген азаматтарға әкімдік тарапынан мүмкіндігінше қолдау көрсетілуде.  Сайрам – өңіріміздегі ең ауыл шаруашылығы дамыған, кәсіпкерлікке ден қойған аудан. Әлеуеті өте жоғары.  Ақсу өзенінің бойына орналасқан, жүз жылдан астам тарихы бар барлық автомобиль және темір жолдары осы орталықта түйіседі. Бұл өз кезегінде ауданның сауда-экономикалық бағытында дамуына жол ашуда.  

Ауданда «Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған  кәсіпкерлікті дамыту  жөніндегі ұлттық жоба жоғары деңгейде орындалуда.  Мамандардың мәліметінше       2024 жылғы 1-қаңтарына    ауданда  тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік  (әрі қарай -  ШОК)  субъектілер саны 22294 бірлікті немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне  3080 бірлікке немесе 116 пайызға артқан.  Оның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік саны 21820 бірлікті немесе 2022 жылдың  тиісті кезеңіне 3072 бірлікке   немесе 116,4 пайызға артқан. Тіркелген жалпы көлемдегі  шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі  – 97,9 пайызды құрап отыр. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында  жұмыспен қамтылғандар саны: 30420 адамды құрады  2022 жылдың  тиісті кезеңіне  4486 адамға  артқан немесе өсім 117,3 пайызды құрады. Оның ішінде: заңды тұлғаларда - 6220 адам; орта кәсіпорындарда 1552 адам; жеке кәсіпкерлер – 13579 адам; шаруа қожалықтарында – 9069 адам жұмыс істейді. Аудан халқының 13,1 пайызы шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған.  Есепті мерзімде салада  1521 кәсіпкерлік субъектілері іске қосылып, 1986  жұмыс орны ашылған.

Былтырғы  жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің  өндірген өнім көлемі 202,5 миллиард теңгені құрап,  2022 жылдың  сәйкес кезеңіне  (138,8 миллиард теңге)    145,9 пайызға  артқан.  Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері есебінен түскен салық көлемі 10,2 миллиард теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 132 пайызды құрап отыр.

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауданның 6919 кәсіпкері 7513,9 миллион теңге көлемінде несие алған. Оның ішінде: «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 64 жоба – 1781,5 миллион теңге;  «Агро несиелік Корпорациясы» АҚ арқылы 22 адам - 219,0 миллион теңге; «Ырыс» МКҰ арқылы 35 кәсіпкерге -  114,8 миллион теңгеге  қолдау көрсетілген.

Микрокредиттік  ұйымдар арқылы 6798 адам -  5,9 миллиард теңге көлемінде несие алған. 

Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауларында да, Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында да кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп, шағын және орта бизнесті дамытуға басымдық беруге Үкіметке және әкімдерге нақты міндеттер жүктеп келеді.   Кәсіпкерлік саласы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі драйверлерінің бірі болып табылады.

Түркістан облысы бойынша аудан,қалаларда"2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес идеяларын іске асырудағы мемлекеттік грант қаражатымен қамтылған мүгедектігі бар азаматтар арасында ұйымдастырылған конкурсқа белсенді қатысушы Атабек Бекбулатов  - Сайрам ауданы, Қарасу ауылының тұрғыны. 2023 жылы қазан айында 1 380 000 теңге мемлекеттік қайтарымсыз грант алған. Қазіргі таңда «Қол өнер» жобасы бойынша бұйымдар шығарып отыр.

Иә, дамыған елдерде экономиканың драйвері ре¬тінде шағын бизнес ерекше рөл атқарады. Шағын және орта бизнес өркендесе, халық кәсіпкерлікпен шұғылдануға бейімделсе, мемлекеттің эконо-микалық мүмкіндігі арта бермек.  Ал жергілікті билік өкілдері ауданда мемлекеттік бағдарлама арқылы ісін оңды жолға қойған кәсіпкерлер саны артып келе жатқанын айтады.

Мемлекеттің көмегімен кәсіп ашты
Қоян асырап, табысқа кенелуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу