Мемлекеттің көмегімен кәсіп ашты

Oinet.kz 10-10-2024 21

image.png

Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауыл тұрғыны, кәсіпкер Абдиганиев Галимжан көлік жөндеу орталығы, яғни  шиномонтаж қызметімен айналысады. Ол кәсібін дамыту мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, қажетті құрал-саймандар сатып алған. Кәсіпкер 2023 жылдың қараша айында өз бизнес жобасын ұсынып, комиссия шешімімен қайтарымсыз 1 миллион  380 мың теңге алған. Қазіргі таңда Абдиганиев Галимжан жеке кәсіпкерлігін ашып, өз жұмысын дөңгелетіп отыр.

-Қазір кәсіп бастаймын немесе кәсібімді ұлғайтамын дегендерге мемлекет тарапынан түрлі жағдайлар жасалынып жатыр. Қайтарымсыз мемлекеттік грант соның бір дәлелі. Бұл шағын іс бастауға қаражаты жоқтарға немесе қаражаты жетпеген белгілі бір санаттағы азаматтарға үлкен көмек. Мысалы: «Мен қолымнан келетін кәсібімді мемлекеттің осынау көмегі арқылы бастағаныма өте қуаныштымын. Бұл берекенің бастауы болса керек» - дейді грант иегері.

Кәсіпкер қазіргі таңда бір адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта бизнесін ұлғайтуды жоспарлауда. Кәсіп иесінің бизнес ашуға мүмкіндік берген ұлттық жобаға және мамандарға айтар алғысы шексіз. 

Бизнес-жоспар – бұл бизнесті құрудан бастап нақты мақсаттарға жетуге дейінгі нұсқаулық. Ол неғұрлым жақсы пысықталған және қазіргі жағдайларға бейімделген болса, оны іске асыру және грант түрінде қаржылық қолдау алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны бизнес-жобаңыз туралы деректермен толтырып, грантқа онлайн өтініш берген кезде пайдалану қажет.

Гранттарды грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық  комиссияның шешімі негізінде жұмыспен қамту орталықтары береді.Үміткерлер комиссия отырыстарында бизнес-жобаларын таныстырады. Комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды. Олар  келесі критерийлер бойынша бағалау парағын толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру. Осылайша, комиссия грант беру туралы шешімді нақты критерийлерге сүйеніп қабылдайды. Комиссия шешімі өтініш берушінің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.

Мемлекеттік грант беру мақұлданған жағдайда, грант иегері 3 жұмыс күні ішінде жеке кабинетінде 20 таңбалы жеке сәйкестендіру кодын (IBAN) ұсынуы қажет. Банк деректемелерін көрсетілген мерзімде ұсынбаса комиссияның мақұлдауына қарамастан грант беруден бас тартылады. Олай болса келесі лектерде грантқа қайта өтініш бере алады.IBAN ұсынғаннан кейін Халықты жұмыспен қамту орталығы электронды шартты дайындап, қол қояды. Үміткерге шартты қол қоюға жібереді. 3 жұмыс күні ішінде ЭЦҚ көмегімен жеке кабинетке келіп түскен мемлекеттік грант беру туралы шартқа қол қою қажет.Шартқа көрсетілген мерзімде қол қоймаса, үміткер автоматты түрде грант ала алмайды. Сондай-ақ алдағы уақытта ағымдағы қаржы жылында грант алуға үміткер бола алмайды. Шартқа қол қойылғаннан кейін грант қаражаты 5 жұмыс күні ішінде банк шотына түседі. Осы мерзімде шотқа ақша түспесе, тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет.

Грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап грант иегері мен жұмыспен қамту орталығы арасында шарттық міндеттемелер басталады. Шартқа сәйкес бір жыл ішінде грант қаражатын  мақсатты пайдаланғаны жөнінде тоқсан сайынғы есептерді ұсынып отыру керек. Сонда бір жылда барлығы 4 есеп тапсыру қажет.Есептерді онлайн форматта, пайдаланушының жеке кабинетінде "Есепті тапсыру" функционалы арқылы тапсыруға болады.Есеп туралы ақпарат интеграция арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түседі. Грант иесіне тек жүзеге асыратын бизнестің кейбір көрсеткіштерін көрсетіп, растайтын құжаттарды тіркеп, үш сауалға жауап беруі қажет. Есеп ұсынылмаса, қосымша растайтын құжаттар берілмесе немесе есепте көрінеу жалған мәліметтердің бары анықталса, Жұмыспен қамту орталығы есептелген грант қаражатын қайтаруды талап етуге құқылы.

Грант кәсіпкерлікке қанат бітіруде
Сайрамда 1521 кәсіпкерлік субъектілері іске қосылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу