Грант кәсіпкерлікке қанат бітіруде

Oinet.kz 16-10-2024 32

image.png

Елімізде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттар жыл сайын беріліп келеді.  Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант қарапайым азаматтарға, әлеуметтік осал топтағы жандарға көптеген мүмкіндіктер тудырып жатқаны анық. Бұл жоба аясында соңғы жылдары Сайрам ауданында жаңа бизнесін бастағандардың саны жыл санап артып келеді. Солардың бірі Қарабұлақ ауылының тұрғыны  «Жүк көлігін тасымалдау» жобасы бойынша мемлекеттен шағын несие алған Абдимажитов Жавахир бүгінде жүк көлігімен айналысып өз табысын тауып ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкердің сөзінше эвакуатор көлігіне сұраныс көп екен. Бұл қызметке автомобилі жол-жөнекей істеп шыққан көлік жүргізушілер жүгінеді. Жас та болса қолдан келер ісін табыс көзіне айналдырып, кәсібін дөңгелетіп отырған Жахавир Әбдіғазизұлының бастамасы көптеген жастарға үлгі.  

  Жалпы мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грант талай азаматтың ойында жүрген кәсібін ашып, халыққа түрлі қызмет ұсынып, өнім өндіруге жол ашуда. Бұл біріншіден, халық арасында жұмыссыздықты жоюға септігін тигізсе, екіншіден сол өңірдің кәсіпкерлік саласына қанат бітіруде. Грант қаражаттары жаңадан бастаған кәсіпкерлерге бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Грантты қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу және үй-жайларды жалға алу мақсатында алуға болады. Бұл ретте ескеретін жайт жұбайынан, жақын туыстарынан сатып және жалға ала алмайды. Грант ақшасы тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге,жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді. Өтінім беру үшін Business.enbek.kz порталына тіркелу керек. Грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өтіп,  бизнес жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу қажет. Бірыңғай терезе арқылы өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады,

«Кәсіп бастауға берілетін қайтарымсыз қаражат берілгенен кейін біз кәсіпкерлерге 3 ай уақыт береміз. Сосын 3 айдан кейін біздің мамандар мониторингке шығып, граттың мақсатты пайдаланылуын тексереді. Грант берілген кезде қаражаттың нақты неге жұмсалатыны бойынша бизнес-жоспар болады. Соған сәйкес бақылау жұмыстары жүргізіледі. Жалпы грант алған азамат бір айдан кейін бізге есеп тапсыра бастайды. Яғни, алған қаражатының жұмсалу бойынша чек түбіртектерін көрсете отырып, қаржының мақсаттылылығын растауы тиіс. Мысалы, сән салонын ашатын болса, соған сәйкес бас жуатын құрылғы, шаш қиятын заттарды сатып алғаны туралы түбіртек береді» дейді сала мамандары.

Атакәсіпті қолға алған азамат
Мемлекеттің көмегімен кәсіп ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу