Атакәсіпті қолға алған азамат

Oinet.kz 05-10-2024 23

image.png

Мемлекеттік грант — бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бастапқы капитал.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» шеңберінде іске асырылатын 2,5% шағын несиені алып, кәсібін дөңгелетіп отырған жастардың қатары күннен-күнге көбейіп келеді. Аталған бағдарлама жас кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетеді.  Аталған жоба Сайрам ауданында үлкен қарқынмен жүзеге асырылуда. СОның есебінен ауданда әлеуметтік көмек алушылар емес кәсіпкерлердің саны артып отыр.  Былтырғы  жылы «Ірі қара мал шаруашылығы» жобасы бойынша мемлекеттен шағын несие алған аудан тұрғыны Абдиганиев Ахрор бүгінде ірі қара мал шаруашылығымен айналысып өз табысын тауып ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Төрт түліктің бабын тауып отырған кәсіпкердің алға қойған жоспары ауқымды. Мал өсіруде пайданың мол екенін көзі жеткен ол атакәсіппен айналысуға мүмкіндік берген орталық мамандарына айтар алғысы шексіз. «Менің осы кәсіпті қолға алып отырған басты себебім халыққа адал, таза табиғи өнім ұсыну. Ауыл тұрғындарына арзан әрі сапалы сүт, ет өнімдерін жеткізу. Алдағы мақсатым осы мал қорамды үлкейтіп,ірі қараның санын көбейту. Осы арқылы тағы да ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтығым келеді. Осындай мүмкіндік беріп отырған мемлекетке үлкен рахметімді айтамын»,- дейді Ахрор Ирисматұлы. 

Айта кетейік, грант қаражаты ісін жаңа бастаған жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын азаматтарға өз бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Гранттар келесі бағыттарда қолдану үшін беріледі: қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малдарды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу.

Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

Мемлекеттік гранттарға халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жұмыссыз және жеке кәсіперлер (3 жылға дейінгі) азаматтар қатыса алады.

Әлеуметтік осал топқа жататындар:

1.Көп балалы тұлғалар-көп балалы жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы)

Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері;

2.Мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар (жұбайы, зайыбы);

3.Атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған адамдар және олардың отбасы мүшелері;

4.Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

5.Кандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар;

Мүгедек адамдар.

Халық нақылында «Аш адамға балық берме, қармақ бер» деген нақыл бар. Яғни, дайын асты емес, соны табатын, еңбекке жетелейтін кәсіпке бағыттауды меңзейді. Дәл сол секілді бұл грант та тұрақты табыс түсіретін кәсіп ашып, еңбектенуге жол ашпақ. Егер отбасылық жағдайыңыз жоғарыда айтылған талаптарға сай келсе, мүмкіндікті жіберіп алмай, қайтарымсыз грантты алып, іс бастауға қамданыңыз.

Сайрам ауданында көші-қон бойынша насихат тобы тұрғындармен кездесті
Грант кәсіпкерлікке қанат бітіруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу