Қоян асырап, табысқа кенелуде

Oinet.kz 01-10-2024 11

image.png

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ел дамуының басты бағыттарын жария еткені бұқара халыққа жақсы таныс. Мемлекет басшысы маңызды Жолдауда шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қолдау, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік-логистика, креативті индустрияны дамыту, өнеркәсіпті дамыту және басқа салалар бойынша Үкіметке нақты міндеттер жүктеді. Мемдекет басшысының тапсырмасына сәйкес Сайрам ауданында кәсіпкерлік саласына үлкен ден қойылып келеді. Әсіресе тұрғындары сауда-саттыққа, бизнеске жақын ауданда мемлекеттің көмегін ұтымды пайдаланып жеке кәсібін дөңгелетіп отырған жандар жетерлік. Солардың бірі Нұржан Өтегенов.  Әсіларық ауылының тұрғыны жеке кәсібін дамыту мақсатында  “Бастау бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып сертификат алған.

Содан соң маусым айында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған» бағдарламасы арқылы «мүмкіндігі шектеулі ІІІ топтағы мүгедек» санатына сәйкес мемлекеттік грантқа «Қоян шаруашылығын» дамыту үшін өтініш білдірген, Бизнес-жобасын арнайы құрылған комиссия алдында сәтті қорғап шығып, көп ұзамай арнайы есеп-шотына түскен қаржыға кәсібіне қажетті құрал-жабдықтар мен қоян сатып алып іс бастап кетеді.

Қазіргі таңда Нұржан жеке кәсіпкерлігін ашып, өз жұмысын дөңгелетіп отыр. «Қазір кәсіп бастаймын немесе кәсібімді ұлғайтамын дегендерге мемлекет тарапынан түрлі жағдайлар жасалынып жатыр. Қайтарымсыз мемлекеттік грант соның бір дәлелі. Бұл шағын іс бастауға қаражаты жоқтарға немесе қаражаты жетпеген белгілі бір санаттағы азаматтарға үлкен көмек. Мысалы: «Мен қолымнан келетін кәсібімді мемлекеттің осынау көмегі арқылы бастағаныма өте қуаныштымын. Бұл берекенің бастауы болса керек. Жалпы менің бизнесім қоян шаруашылығы. Біле білген адамға қоян ірі, ұсақ мал асырағанға қарағанда екі-үш есе пайда әкеледі. Оларды асырау да аса қиын емес.  Қояндар адамға тез үйренісіп кетеді » - дейді грант иегері. 

Түпкі өнім көлемінің тез артуы бірден білінетін ең  жетекші саланың бірі қоян өсіру шаруашылығы болып табылады және де бұл – назар аударуға тұрарлық сала. Қоян өсіру шаруашылығы түрлі өнім шығаруға мүмкіндік береді. Теріні өңдеу өндірісі үшін үй қоянының терісі пайдаланылады. Ол әртүрлі манто, бас киім, жаға, жәкет пен тондар өндірісі үшін пайдаланылады. Үй қоянын өсіруден алынатын тағы бір бағалы өнім – дәмді әрі тез сіңетін тағам болып табылатын үй қоянының еті.

Қоян шаруашылығы агросектордағы ең кірісті саланың бірі болуы тиіс. Расында жылдар күткізбей жылдам өнім беретін өндірісті дамыту керектігін дәлелдеудің қажеті жоқ. Қалқанқұлақтардың көл-көсір табыс көзі екеніне енді көз жетіп, қолға алына бастағанына көп уақыт өте қойған жоқ.. Кезінде қоян өсірумен айналысқан адамдар бұл саланың экономикалық тұрғыдан өте тиімді екендігін айтады. Расында жылына 3-4 мәрте төлдейтін қоянның еті де терісі де тиімді, яғни, «басынан бақайшағына» дейін тұнып тұрған ақша.  Қоян шаруашылығының тағы бір артықшылығы егер жаңа технологиямен өңдесе, қоян терісі құнды шикізатқа айналады. Одан түрлі сырт киімдер тігуге болады. Осылайша «бір оқпен екі қоянды атып алуға» болады. 

Тез көбейетін,  жылына үш мәрте көжектеп, әр жолы 6-дан 14-ке дейін көжек табатын өсімтал жануарға бет бұрып, мол табыс тауып отырған шарауашылықтар бар бүгінде. 

Еттердің барлық түрі бойынша қоян еті белок, дәрумендердің молдығы бойынша бірінші орын алады. Қоянның еті адамның ас қорыту жүйесінде 95-96 пайыз қорытылады екен. Ал қазекең тым жиі тұтынатын қой мен сиыр етінің адам ағзасына сіңімділік көрсеткіші 50 пайыздың төңірегінде көрінеді. Сондай-ақ, аллергияға қарсы көрсетілімі бар. Әдетте аналығы жылына төрт рет 6 – 12 көжек туады. Ал еті мен тері үшін өсірілетін шаруашылықтарда қоян 20-ға жуық көжек туады, олардың бір тобынан 40 – 50 келі ет алынады. Түбіт алу үшін өсірілетін шаруашылықтарда әрбір ірі қояннан жылына 350 – 500 грамм түбіт алынады.

Айта кетейік, Сайрам ауданында 86 адам 127 миллион теңгеге жуық қайтарымсыз грант қаржысына кәсібін дөңгелетіп отыр. 

Сайрамда 1521 кәсіпкерлік субъектілері іске қосылған
Іске асқан жоба көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу